Заң және тәртіп: Астанада әйелдердің құқығы мен қауіпсіздігі талқыланды
Іс-шарада еліміздің мемлекеттік органдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтарын қорғау және қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Іс-шарада мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және қалалық прокуратураның өкілдері әйелдер мен балаларға қатысты зорлық - зомбылықтың алдын алу, құқықтарды қорғау, және қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
«Мемлекет тарапынан зорлық-зомбылыққа қарсы күресті арттыру үшін маңызды шаралар қолға алынды. Біріншіден, құқық қорғау органдарының жұмысы күшейтілді. Полиция қызметі зорлық-зомбылық туралы әрбір хабарламаны қатаң тексеріп, іс-шараларды уақытында қабылдайды. Соның ішінде сот шешімдері шығарылуы, жәбірленушіні қауіпсіз жерге орналастыру, полицияның тұрақты бақылаумен қамтамасыз етуі сияқты құқықтық тетіктер бар. Екіншіден, зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық және құқықтық көмек көрсету мақсатында арнайы дағдарыс орталықтары мен кеңес беру пунктері іске қосылды. Бұл орталықтар жәбірленушіге медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіп, уақытша баспанамен қамтиды», - деді Астана қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Баян Жалмағанбетова.
Әс-шара барысында Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы директорының орынбасары Айгүл Шамшатова орталық жұмысы туралы ақпараттармен бөлісті. 2013 жылдан бастап өз жұмысын бастаған орталықта осыған дейін 50 адамға шақталған босла, биылдан бастап төсектік орын саны 70-ке дейін көбейтілген.
рталыққа 18 жастан 58 жасқа дейінгі жәбірленушілер 1 айдан 6 айға дейін қабылданады. Сондай-ақ Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Баян Тойкебаева өз ұсыныстарын айтты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -