Өзбек делегациясының өкілдерімен кездесу
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институтының және Орталық Азияның Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясы орталығының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екі елдің экологиялық ведомстволары арасындағы жемісті екіжақты ынтымақтастықты атап өтті. Мәселен, Қазақстан-өзбек бірлескен жұмыс тобы (Комиссия) шеңберінде қоршаған ортаны қорғау және Сырдария өзені бассейні суларының сапасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл талқыланды. Сонымен қатар, Арал теңізінің құрғаған түбінде агроорман мелиорациясы, сондай-ақ климаттың өзгеруі мәселелері бойынша ынтымақтастық атап өтілді.
Осыған байланысты ҚР ЭТРМ өкілдері өзбек тарапынан Арал теңізінің құрғаған түбін және Орталық Азия елдерінің шөлді аймақтарын ормандандыру жөніндегі халықаралық орталықты, Алматы қаласында Климаттың өзгеруі және жасыл энергетика жөніндегі Орталық Азияға арналған жобалық кеңсені құру жөніндегі Қазақстанның бастамаларын қолдауды сұрады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған барлық бағыттар бойынша нәтижелі ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -