Зеренді ауданының дамуы: болашағы мен жоспарлары: Ақмола облысы, 27 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Зеренді ауданының дамуы: болашағы мен жоспарлары

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Зеренді ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауданды дамытудың негізгі мәселелерін талқылады.

Өңір басшысы ауданның өнеркәсіптік әлеуетіне ерекше назар аударды. Зеренді ауданының облыстың жалпы өнеркәсіптік өндірісіне қосқан үлесі «Altyntau Kokshetau» АҚ ірі алтын өндіруші фабрикасының жұмысының арқасында 24,8% құрайды. Алайда, осы кәсіпорынды есепке алмағанда ауданның үлесі небәрі 2%-ға дейін төмендейді. Бұл өнеркәсіпті әртараптандыру жөнінде шаралар қабылдауды талап етеді.

Атап айтқанда, әкім сусындар, косметика, парфюмерия және отын өндірісі сияқты салаларда пайдаланылуы мүмкін этил спирті өндірісін дамытудың маңыздылығын атап өтті, бұл экономикалық өсу үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Аудан агроөнеркәсіп кешенінде жоғары көрсеткіштерге ие. Биыл дәнді дақылдардың өнімділігі гектарына 21 центнерді құрады, бұл – былтырғы нәтижеден 2,3 есе жоғары.

«Саланы одан әрі дамыту үшін аграршыларға өсімдік шаруашылығын әртараптандыру шараларын белсенді қолға алу, майлы және жемшөп дақылдарының алқаптарын ұлғайту, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізуді қажет», - деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Бұдан басқа, ауданда мал шаруашылығы дамуда, ірі бордақылау алаңдары мен фермалар жұмыс істейді, ал алдағы екі жылда 400 басқа арналған сүт-тауар фермасын іске қосу жоспарлануда.

Инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін өңір басшысы тамақ өнеркәсібін, құрылыс индустриясын дамытуға, сондай-ақ кірпіш пен керамикалық плиткалар өндірісін ұйымдастыруға баса назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ, қолда бар инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді ескере отырып, Қарағай станциясында индустриялық аймақ құру бастамасы айтылды.

Талқылаудың тағы бір негізгі бағыты туризм саласы болды. «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан Зеренді курорттық аймағы орасан зор әлеуетке ие, алайда жыл сайынғы туристік ағын әзірге 30 мың адам деңгейінде қалып отыр. Әкім инвесторларды тарту, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және кәдесыйлар мен жергілікті деликатестерді қоса алғанда, туристер үшін өнім шығаратын кәсіпорындарды қолдау қажеттігін атап өтті.

Марат Ахметжанов ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға және табысын арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдаудың рөліне ерекше тоқталды. «Ауыл аманаты», «Кең дала», «Дипломмен ауылға» және т.б. бағдарламалар шеңберінде қаржыландыру мәселесіне көңіл бөлу тапсырылды.

Денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер байқалады. Сондай-ақ, кездесу барысында тұрғын үй және жол құрылысы, ТКШ, білім беру және басқа да салалардың өзекті мәселелері қаралды.

«Аудан өзін-өзі қамтамасыз етеді, өз кірістерінің есебінен жергілікті шығындарды жабуға қауқарлы. Алайда, облыстық бюджетке тәуелділік сақталуда. Аудан басшысы бюджеттің кіріс бөлігін жақсарту бойынша жұмыс істеуі қажет, бұл көптеген әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», - деп қорытындылады М.Ахметжанов.

Кездесу соңында «Ақмола - еңбек озаты» төсбелгісімен, ақшалай сертификаттармен, «Сағадат Нұрмағанбетовке 100 жыл» медалімен, облыс әкімінің алғыс хаттарымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар тұрғындар марапатталды.

Аудан тұрғындарын жеке қабылдау кезінде зеренділіктер облыс әкімінің алдында тұрғын үй, жер, жол жөндеу және басқа да мәселелерді көтерді.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Акмолинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар