Ақмола облысы «Сапа белгісіне» өтінімдер саны бойынша көш бастап тұр
Биылғы жылы Ақмола облысы «Kazakh Tourism» бағдарламасына қатысуға және беделді «Сапа белгісін» алуға өтінімдер саны бойынша бірінші орында тұр.
Өңірдегі туристік индустрияның 16 өкілі өз бизнесінің жоғары ұлттық және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетінін растау үшін өтінім беріп үлгерді. Белсенділік бойынша екінші орында 8 өтінішпен Алматы тұрса, Жетісу өңірі үздік үштікті түйіндеп тұр.
Сапа белгісі бағдарламасы Қазақстандағы қызмет көрсету стандарттарын көтеру және туризм индустриясын дамыту мақсатында 2021 жылы Kazakh Tourism бастамасымен қолға алынған. Ұйымдастырушылар жоғары деңгейде қызмет көрсету және тұтынушылардың сенімін нығайту үшін кәсіпкерлермен белсенді жұмыс істеуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -