Жігіт пен қыздың арасындағы жанжал айыптау үкімімен аяқталды
Ағымдағы жылы денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғуға байланысты құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізілді.
Осы жылдың өткен кезеңінде аталған қылмыстарды жасағаны үшін 34 адам сотталды, оның ішінде: 20 - қоғамдық жұмысқа, 9- айыппұл салынды, 3-қамауға алынды, 2-бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды.
Мысалы, 27 жастағы жігіттің таныс қызын ұрып-соғуына қатысты ісі сотпен қаралды.
Құқық бұзушының жәбірленушіге қатысты балағат сөздер айтқаны үшін бұрын әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны анықталды.
Сотталушы Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы «Ұрып-соғу» бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынды.
Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енді.
Астана қаласының прокуратурасы денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық қатарына көшкені туралы еске салады.
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Астана қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -