«Жаңа формация басшысы» оқу бағдарламасының кезекті курсы басталды: Астана қаласы, 14 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«Жаңа формация басшысы» оқу бағдарламасының кезекті курсы басталды

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында саяси мемлекеттік қызметшілерге арналған «Жаңа формация басшысы» оқу бағдарламасының кезекті курсының ашылуына қатысты.

Бағдарламаның мақсаты – саяси мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық құзыреттерін шыңдау және  ұйымдастырушылық дағдыларын жетілдіру.

«Мемлекет басшысы биылғы жолдауында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселесінің әлі де өзектілігін, үміткерді кызметке тағайындаған кезде оның кәсіби және моральдық қасиеттерін мұқият ескеру қажеттігін айтты. Бұл мемлекеттік қызметшілердің білімін ұштап, құзыреттерін үнемі жетілдірудің және басқарудың жоғары мәдениетін игерудің қашанда  маңызды екенін көрсетеді», - деді Агенттік төрағасы.

Дархан Жазықбай жаңа формация басшысы үшін әділдік, ашықтық қағидаттарын ұстанудың, мемлекетшіл болудың және халыққа адал қызмет етудің маңыздылығын айтты.

Бағдарлама аясында коммуникация, экономикалық және стратегиялық жоспарлау, адам ресурстарын басқару, көшбасшылық,  инфрақұрылымды басқару сынды бес модуль бойынша оқыту жоспарланған.

Ақпарат көзі: Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында саяси мемлекеттік қызметшілерге арналған «Жаңа формация басшысы» оқу бағдарламасының кезекті курсының ашылуына қатысты.

Бағдарламаның мақсаты – саяси мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық құзыреттерін шыңдау және  ұйымдастырушылық дағдыларын жетілдіру.

«Мемлекет басшысы биылғы жолдауында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселесінің әлі де өзектілігін, үміткерді кызметке тағайындаған кезде оның кәсіби және моральдық қасиеттерін мұқият ескеру қажеттігін айтты. Бұл мемлекеттік қызметшілердің білімін ұштап, құзыреттерін үнемі жетілдірудің және басқарудың жоғары мәдениетін игерудің қашанда  маңызды екенін көрсетеді», - деді Агенттік төрағасы.

Дархан Жазықбай жаңа формация басшысы үшін әділдік, ашықтық қағидаттарын ұстанудың, мемлекетшіл болудың және халыққа адал қызмет етудің маңыздылығын айтты.

Бағдарлама аясында коммуникация, экономикалық және стратегиялық жоспарлау, адам ресурстарын басқару, көшбасшылық,  инфрақұрылымды басқару сынды бес модуль бойынша оқыту жоспарланған.

Аймақтағы жаңалықтар