Жаңартылған Конституция қазақстандықтардың өміріне қалай әсер етті: Астана қаласы, 31 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Жаңартылған Конституция қазақстандықтардың өміріне қалай әсер етті

2022 жылғы референдум нәтижесінде қабылданған конституциялық түзетулер қазақстандық қоғам өмірінің түрлі салаларына елеулі өзгерістер алып келді.

Негізгі Заңның 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жазылған. Жаңартылған Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтары шешуші орын алатын анағұрлым ашық, есеп беретін және әділетті мемлекет құруға бағытталған.

Кейінгі негізгі конституциялық өзгерістер осы қағидаттарды одан әрі нығайтуға ықпал етті.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары:

- Конституциялық Сот қайта құрылды. Енді азаматтар өздерінің конституциялық құқықтары бұзылды деп есептесе, Конституциялық Сотқа тікелей жүгіне алады. Бұл азаматтарға қосымша құқық қорғау тетігін бере отырып, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтеді.

- Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің рөлі күшейтілді. Оған «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң шеңберінде азаматтардың құқықтарын барынша тиімді қорғауға мүмкіндік беретін қосымша өкілеттіктер, сондай-ақ заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін Конституциялық Сотқа жүгіну құқығы берілді;

- Конституцияда жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі, халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады деген норма бекітілген;

- адамдарды қатыгездіктің кез келген түрінен қорғауды қамтамасыз ететін «азаптау» және «қатыгездікпен қарау» ұғымдарының нақты анықтамалары белгіленді;

- өлім жазасы түбегейлі жойылды. Дәл осы тыйым салу Қазақстанның адам құқықтарын қорғау және халықаралық нормаларда бекітілген адамның өмір сүру құқығын толық құрметтеу бағытында қылмыстық жүйені ізгілендіру ұстанымын нақты көрсетеді.

Саяси жүйе және мемлекеттік басқару:

- президенттік мерзімдер санына шектеулер енгізілді (бір жеті жылдық мерзім) және Президент отбасы мүшелерінің мемлекетті басқаруға қатысуына тыйым салынды. Сондай-ақ Президент өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде саяси партияның мүшесі бола алмайды;

- Мәжілістің өкілеттіктерін кеңейту және аралас сайлау жүйесін енгізу депутаттардың белсенділігін арттырып, Парламент секілді ең жоғары өкілді органның негізгі міндеті болып табылатын заң шығару бастамасына оң әсер етті. Жаңа тетік Сенатқа Мәжіліс қабылдаған заңдарды мақұлдау не мақұлдамау құқығын берді. Бұл өте қисынды, себебі заң шығару бастамасы тек Мәжілісте іске асырылады және Мәжіліс заңдар қабылдау құқығына ие болуға тиіс.

- мәслихаттың жергілікті бюджеттерді қалыптастыруға және бекітуге, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауға белсенді қатысуы арқылы жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі күшейтілді. Мәслихаттар да жергілікті деңгейдегі атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және одан шеттету процесіне көбірек қатыса бастады.

Сайлау жүйесін өзгерту

- негізгі өзгерістердің бірі сайлау жүйесінің өзгеруі болды. Енді Мәжіліс депутаттарын сайлау мажоритарлық және пропорционалды қағидаттарды біріктіретін аралас жүйе бойынша өткізіледі. Бұл өкілдік етуді арттырып, депутаттардың сайлаушылармен байланысын күшейтті, бұл барынша әділ әрі ашық сайлау процесіне септігін тигізді.

- партиялар үшін сайлау кедергісі төмендетілді, бұл Парламентте плюрализмнің көп болуына ықпал етті. Нәтижесінде саяси партия саны жетеуге жетіп, олардың алтауы Мәжілісте және барлық жетеуі мәслихаттарда өкілдік етеді, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша өзін-өзі ұсынушылар бар. Жаңа жүйе әйелдер мен азшылық кандидаттардың сайлану мүмкіндігін арттырды.

- Егер сайлаушыларының сенімінен айырылса, депутаттарды кері қайтарып алу тетіктері енгізілді. Бұл депутаттардың халық алдындағы жауапкершілігін күшейтеді және азаматтардың биліктің өкілді органдарына ықпал етуін қамтамасыз етеді.

Құқықтық жүйе және сот төрелігі:

- судьялар тәуелсіздігі кепілдіктерін ұлғайтуды және олардың жауапкершілігінің барынша айқын тетіктерін белгілеуді қоса алғанда, сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар күшейтілді;

- азаматтардың сот төрелігіне, оның ішінде дауларды сотқа дейін реттеу тетіктерін дамыту арқылы қол жеткізуін жеңілдетуге бағытталған нормалар енгізілді.

- конституциялық жаңашылдықтар Парламенттің «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы», «Прокуратура туралы», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» конституциялық заңдарды және кейбір заңнамалық актілерге түзетулерді қабылдауы арқылы одан әрі дамыды. Бұл құжаттарға Мемлекет басшысы 2022 жылғы 5 қарашада қол қойды.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар