Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей Комиссиясының сараптамалық кеңесі
2024
жылғы
25
шілдеде
Орал
қаласында
Жайық
трансшекаралық
өзені
бассейнінің
экожүйесін
сақтау
жөніндегі
Қазақстан-Ресей
Комиссиясының
сараптамалық
кеңесі
өтті.
Кеңеске Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстары әкімдіктерінің, орталық мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың өкілдері, Қазақстан мен Ресей ғалымдары қатысты.
Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі қазақстан-ресей ынтымақтастығының 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпарат тыңдалды.
Сондай-ақ:
Жайық өзені бассейні мониторингінің талдау нәтижелері, су режимінің қазіргі заманғы өзгерістері және Жайық өзені бассейніндегі су ресурстарымен кепілдендірілген қамтамасыз ету проблемалары;
Жайық өзені бассейніндегі климаттың өзгеруінің өңірлік үрдістері;
Жайық өзені бассейніндегі бекіре және жайылмалы ормандарды сақтау мен молықтырудың қазіргі заманғы проблемалары;
ағымдағы жылғы су тасқыны салдарлары және басқа да мәселелер талқыланды.
Бұл іс-шара Жайық күніне арналған апта аясында өткізілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -