Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу және азаматтарды қабылдау
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің Вице-министрі Асқар Жамбакин 29 маусымда сағат 16:00-де Меркі ауылының Мәдениет үйінде Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 17:00-де министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен жайы: Меркі ауылы, Әзімбек Исмаилов,167).
Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8-(72-632) 2-13-85 (жұмыс уақыты) телефоны арқылы қабылданады.
Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.
Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.
Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -