Жамбылда Антикордың ұсынысы бойынша ауылдық округтердің жолдарына кепілдік мерзімі белгіленді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет автомобиль жолдарының құрылысын қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде.
Жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде елеулі жемқорлық тәуекелдері анықталды.
Мәселен, Жамбыл облысында 2020-2024 ж.ж. жалпы сомасы
1,5 млрд теңгеге 112 жолдыорташа жөндеу жөніндегі шарттарда міндетті кепілдік мерзімдері көрсетілмеген.
Бұл мердігерлерге ықтимал ақауларды жою үшін жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша тапсырыс берушілер мердігерлермен қосымша шарттар жасасты, аталған объектілер бойынша кепілдік мерзімдерін екі жылға белгіледі.
Бұдан басқа, тоғыз ауылдық округтің әкімдері автомобиль жолдарын салу нормаларын сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Кепілдік мерзімдерін белгілеу орындалатын жұмыстардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді, себебі осы кезеңде мердігерлер анықталған ақауларды өз есебінен жоюға міндетті болады.
_
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз
!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -