Жаныңда жүр жақсы адам!: Астана қаласы, 17 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Жаныңда жүр жақсы адам!

Жаныңда жүр жақсы адам!

Жаныңда жүр жақсы адам!

Жаныңда жүр жақсы адам!

Жаныңда жүр жақсы адам!

Бұл эссені бастамас бұрын, барлық әріптестерімді 17 мамыр «Байланысшылар күні» кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілі «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбын қозғағанда, өз әріптестерім туралы жазғым келді.

Қазақстан Республикасының Цифрлық жаму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті ұялы және тіркелген телефон байланысы, 3G, 4G дамыту, тестілеу және 5G енгізу сияқты бағыттарды дамытады. Бұдан басқа, комитет қызметкерлері интернетті дамытуға, оның ішінде қазақстандықтарға жоғары жылдамдықты Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін бүкіл ел бойынша талшықты-оптикалық байланыс желілерін салуға жетекшілік етеді. Басқаша айтқанда, бұл министрліктің байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Осыншама көптеген маңызды жұмыстарды әрбір әріптесім өте мұқият әрі жауапкершілікпен атқарады. Соңғы атқарған жұмыстарға сүйеніп, 1257 ауылда талшықты-оптикалық қондырғылар аяқталды, оларда 3718 мемлекеттік мекеме жалпы ұзындығы 20 мың шақырымнан астам орнатылған талшықты-оптикалық желіге қосылғанын атап өтемін. Сондай-ақ сапасыз интернетті ұсынғаны үшін айыппұлдар 100-ден 1000 АЭК-ке дейін және қайталанған бұзушылықтар үшін 200-ден 1500 АЭК-ке дейін өсірілді (2021 жылы байланыс операторларына 132 млн теңге, 2022 жылы -1,67 млрд теңге, 2023 жылы -3,2 миллиард теңге айыппұл салынды). 5G жиіліктерінің бірінші аукционы өтті, оның жалпы сату сомасы 156 млрд теңгені құрады және республикалық бюджеттің кірісіне бөлінді. «StarLink» жүйесі арқылы мектептерді интернетке қосу бойынша пилоттық жоба іске қосылды, бүгінгі таңда 531 мектеп қосылды. Радиожиілік спектрін пайдалану үшін салықтық жеңілдіктер қабылданды, онда байланыс операторлары бұл жеңілдікті ауылдар мен қалалардағы байланыс инфрақұрылымын дамытуға бағыттайды. Осылайша, байланыс операторлары 1500-ден астам ауылда мобильді интернаттың сапасын жақсартты, оның ішінде Қазақстан бойынша 10 мыңнан астам базалық станцияларды орнатып, модернизациялады. Негізгі салалық стратегиялық құжат «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы қабылданды. Ұлттық жобаның мақсаты – халық пен кәсіпкерлік субъектілерін интернетке жоғары жылдамдықты қолжетімділікпен қамтамасыз ету. Ұлттық жобада қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті азайтуға бағытталған жүйелі шаралар мен іс-шаралар қарастырылғанын атап өтемін. Жоғарыда атқарылған жұмыстар әрбір қызметкердің еңбегі болып табылады. Осындай жетістіктерімізді мақтана жаза аламын.

«Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі» деп Мұхтар Әуезов айтқандай әр адам жақсы адамның рөлінде болғаны абзал деп санаймын. Себебі, жақсылық күн секілді, кейде бұлт астына жоғалып, кейде сәулесін мол шашып, нұрын төгеді. Осындай жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын жақсы адамдар менің қасымда өте көп деп білемін. Әрбір әріптесімді жақсы адамдар деп санаймын. Ендеше, осындай жанымызда жүрген жақсы адамдардың қадірін біліп, құрметтеп, сыйлап жүрейік. Әрбір адамның қасында жақсы жанның жүруін тілеймін!

Әкімшілік-құқытық жұмыс

басқармасының басшысы

М.Т.Аманжолова

Ақпарат көзі: Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар