Жаслан Мәдиев Central Eurasia Venture Forum 2024 форумына қатысты
Бүгін Алматы қаласында Central Eurasia Venture Forum 2024 ресми ашылуы өтті. Іс-шараға IT-компаниялардың, венчурлық қорлардың, стартаптар мен басқа да көптеген технологиялық компаниялардың басшылары мен негізін қалаушылары қатысты.
Бұл форум – орталық Еуразия аймағындағы және одан тыс жерлердегі венчурлық инвестициялар, стартаптар мен инновациялар саласындағы жетекші ойыншыларды жинаған маңызды оқиға.
Ашылу салтанатында ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев сөз сөйледі. Ол өз сөзінде министрлік стратегиясының басым бағыттарының бірі венчурлық нарық пен инновациялық экожүйені дамыту екенін атап өтті.
«Біз инновациялық хабтар құру және халықаралық акселерациялық бағдарламаларды іске қосу арқылы кәсіпкерлерімізге шетел нарықтарына шығуға белсенді түрде көмектесеміз. Silkroad Innovation Hub аясында кәсіпкерлер АҚШ нарығына шығуға қолдау ала алады. Жақында ғана біз Оңтүстік-Шығыс Азиядағы стартаптарды қолдау үшін Сингапурда Nomadiq Innovation Hub және Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка нарығына шығу үшін Эр-Риядта Al-Farabi Innovation Hub аштық. Өткен жылы Дүниежүзілік банктің қолдауымен «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында 27 стартап Кремний алқабында Draper University-де алты айлық бағдарламадан өтті. Бағдарлама жақсы нәтижелер көрсетті. Мысалы, Citix Тим Дрейперден 100 миллион доллар көлемінде инвестиция алды», - деді Жаслан Мәдиев.
Сонымен қатар, министр биылғы жылдың шілде айында Draper University кампусында бес апталық акселерациялық бағдарламадан өту мүмкіндігіне ие болатын Hero Training бағдарламасының жаңа легіне өтінімдер қабылдау жарияланатынын хабарлады.
Сондай-ақ министр Дүниежүзілік банкпен бірлескен «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында b2b-стартаптарға арналған жетекші акселератор Alchemist Accelerator-мен жаңа бағдарламаны іске қосу туралы айтты. Бағдарламаның мақсаты – жоғары әлеуетті стартаптарды анықтау және олардың өсуіне жәрдемдесу, оларға АҚШ нарығына шығуға көмектесу.
Осы бастамаларды қолдау үшін министрлік Silkroad Innovation Hub-пен ынтымақтастықты жалғастыруда. Биыл стартаптарды америкалық акселераторларға жақсы дайындау үшін және отандық кәсіпкерлердің барынша пайдасын алу үшін менторлық және пре-акселерация қызметтері ұсынылады.
Форум аясында министрдің Stanford Healthcare Innovation Lab өкілі Dr. Faye Chleilat-пен кездесу өткізіліп, Стэнфордта MedTech жобаларына арналған бағдарламамен ынтымақтастық талқыланады. Жақын арада осы бағдарлама туралы ақпарат Astana Hub-та жарияланады.
2024 жылы форум қатысушылар арасында миллиондаған долларлық келісімдерге қол жеткізуге себепші болып, өңірдегі венчурлық капиталдың маңызды катализаторы ретіндегі рөлін растады. Сонымен қатар, форум серіктесі VISA-ның Startup Battle жарысында үш стартапқа 20 000 долларлық чек табыс етілді. Сондай-ақ форумда «ESG факторларын бағалау және олардың Қазақстанның әртүрлі салаларындағы венчурлық инвестициялар мен нарыққа әсері» тақырыбында зерттеу таныстырылды. ESG қағидаттарын белсенді енгізетін компаниялар венчурлық инвестицияларды тартуда және бәсекеге қабілеттілікті арттыруда артықшылықтарға ие. Толығырақ
https://mostfund.vc/esgresearch
.Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -