Женевадағы Diva International Diplomat журналында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мақаласы жарияланды
Женевадағы Diva International Diplomat журналында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Арутра Ластаевтың тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге, сондай-ақ әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жақында қабылданған заңға арналған мақаласы жарияланды.
Материалда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінің өзектілігі мен елдегі таралуы, сондай-ақ оны шешу жолдарын қарастыру мәселесі көтеріледі. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі бұл мәселені реттеу үшін бірқатар жұмыс жүргізді.
Осылайша, кеңсе ұйымдастырған Халықаралық практикалық конференцияның қорытындысы бойынша заңнамалық түзетулер пакеті әзірленіп, Парламентке жолданды. Онда денсаулыққа және денеге жеңіл зиян келтірген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тарту және барлық уәкілетті органдарда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы шағымдардың деректер базасын құру ұсынылды.
Еске сала кетейік, күшіне енген әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңға кейбір түзетулер енгізілген болатын.
Сонымен қатар, Омбудсмен дайындаған «Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес туралы» арнайы баяндама тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстардың ауқымы мен сипатын, қабылданған шаралардың тиімділігін және құрбандарды қорғау механизмін талдаудың, анықтаудың және бағалаудың қосымша құралы.
«Біз үшін кемсітушіліктің барлық түрлерін жою, ар-намыс пен жеке қадір-қасиетке қол сұғылмаушылық, ана мен әке болуды қорғау, отбасылық құндылықтар негізінде тәрбиелеу және құрметтеу, сондай-ақ осы құқықтарды бұзғаны үшін лайықты жауапкершілікті белгілеу бойынша жұмысты жалғастыру маңызды», - деп атап көрсетеді Артур Ластаев.
Айта кетейік, Diva International журналы Женевада 20 жылдан астам уақыт бойы шығып келеді. Оның негізгі аудиториясы – көптеген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері. Басылымның басты мақсаты олардың миссиясы, жұмысы және жобалары туралы әңгімелесуге мүмкіндік беретін платформаны қамтамасыз ету.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -