Жер қойнауын пайдаланушылар үшін жаңа шешімдер: технологиялық міндеттерді шешу үшін жаңа модуль әзірленді
Astanahub.com «Ұлттық инновациялық жүйе» бірыңғай терезе платформасында жер қойнауын пайдаланушылардың инновациялық тапсырмаларын шешу үшін "Технологиялық тапсырмалар" жаңа модулі әзірленді.
Жаңа модуль жер қойнауын пайдаланушылар мен өнеркәсіптік кәсіпорындарға инновациялық шешімдерді қажет ететін өз міндеттерін орналастыруға мүмкіндік береді. Технология мәселелерін жариялау процесті жеңілдетеді және қолайлы шешімдерді табу ауқымын кеңейтеді. Модуль ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) және IT шешімдерін қажет ететін компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
«Astanahub.com ҰИЖ БТ енді инновацияларды қолдаудың барлық шараларына жалғыз қол жеткізу нүктесі болып табылады. Платформа IT, өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану салаларындағы жоғары сапалы әзірлемелерді біріктіретін инновациялық шешімдердің бірегей нарығына айналуда. Енді жер қойнауын пайдаланушы компаниялар өндірістік процесті жақсарту үшін шешімдерді қажет ететін тапсырмаларды орналастыра алады, ал ғалымдар мен инноваторлар енді қолдау алу, өзара әрекеттесу және өз идеяларын жариялау үшін бірыңғай платформаға ие болды», - ҚР ЦДИАӨМ бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин.
Платформада қазірдің өзінде жер қойнауын пайдаланушылар шығындарының 1% бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде IT ғана емес, сонымен қатар ҒЗТКЖ-ны қоса алғанда, әртүрлі салалар бойынша 90-нан астам технологиялық міндеттер орналастырылды. Міндеттерге бастамашы компаниялардың қатарында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, ЖШС “Business & Technology Services”, Самғау ҒТБО, Назарбаев Университеті және т.б.
Цифрлық министрлік компанияларды өздерінің технологиялық міндеттерін жариялауға, сондай-ақ ҰИЖ БТ astanahub.com платформасын пайдалана отырып, ғылыми қоғамдастықпен өзара әрекеттесуге шақырады.
Айта кету керек, ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесі» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша 2023 жылы құрылған болатын.
Бүгінгі таңда
ұ
лттық инновациялық жүйенің
«Бірыңғай терезесі
» ақпараттық жүйесін
дамыту
және оны толтыру жұмыстары жүргізілуде.
Осылайша, 2023 жылдың соңына қарай платформада 549 мың бірегей пайдаланушы мен 300-ден астам ғылыми сала сарапшысы тіркелді.
ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -