Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы және оның сыбайласы сотталды
Түркістан қалалық сотымен Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы А. Мырзаевқа, оның сыбайласы А. Балтабаевқа және осы департаменттің бөлім басшысы Б. Жетпісовке қатысты үкім жарияланды.
Мырзаев пен Балтабаев алаяқтық пен пара беруге итермелеу, ал Жетпісов – пара беруге оқталу бойынша кінәлі деп танылды.
Мырзаев пен оның сыбайласы Балтабаев жер учаскесін ресімдеу үшін кәсіпкердің
18 млн теңгекөлеміндегі ақшалай қаражатын иемденгені анықталды.
Сонымен қатар Мырзаев лауазымды тұлғаларға жалпы қамқорлығы үшін пара беру сылтауымен бұрын келісілген Жетпісовтың
5 млн теңгесінің 70 мың теңге сомасындағыақшалай қаражатын алаяқтық жолымен иемденді.
Сот үкімімен Мырзаевқа 8 жыл, Балтабаевқа – 7 жыл және Жетпісовке – 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.
Үкімді жария ету Түркістан қаласының Жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық департаменті мен Жер қатынастары бөлімі ұжымының қатысуымен өтті.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
__
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмері арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -