Жоғары аудиторлық палата ҚР Қаржы министрлігінің негізгі жүйелерімен интеграцияны кеңейту есебінен электрондық аудитті күшейтеді
Қазақстан Жоғары аудиторлық палатасының бірыңғай ақпараттық жүйесін ҚР Қаржы министрлігінің негізгі цифрлық дерекқорларымен интеграциялауды кеңейту жоспары бекітілді.
Бүгінгі таңда Жоғары аудиторлық палатада «Жоғары аудиторлық палатаның интеграцияланған ақпараттық жүйесі» жұмыс істейді. Атап айтқанда, электрондық аудит уақыт пен еңбек ресурстарын үнемдеуге ықпал етеді, сондай-ақ аудит объектісімен тікелей байланыста болуды шектеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды.
Қазіргі уақытта Жоғары аудиторлық палатаның цифрлық платформасын орталық мемлекеттік органдардың дерекқорларымен интеграциялау процесі жалғасуда. Биыл аса маңызды оқиғалардың бірі ҚР Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік жоспарлау», «е-Қаржымині» сияқты және т.б. цифрлық жүйелерімен интеграцияны кеңейту болады.
Бұл қадам бюджеттік бағдарламалар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары және республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар, сондай-ақ бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша мемлекеттік қаражатты пайдаланылуына электрондық аудит жүргізуді күшейтуге септігін тигізеді.
Сонымен қатар мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдер түсімдері, Қазақстанның сыртқы сауда қорытындылары, республиканың экспорты мен импортының тауар құрылымы, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтар бойынша нақты берілген жеңілдіктер туралы есептердің аудиті күшейтілетін болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -