Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері ЕҰУ студенттерімен кездесу өткізді
Еуразия ұлттық университетінде заң факультетінің білім алушылары мен профессор-оқытушылар құрамымен Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері Е.Бегалиев, А. Айтуарова және С. Әміртаевпен кездесті. Жоғары Сот Кеңесінің мүшелерімен кездесу
Кездесу барысында, профессор Е.Бегалиев құттықтау сөз сөйлеп, сот органдарының қызметіндегі ҚР Жоғары Сот Кеңесінің рөлі туралы айтып, Қазакстан Республикасында судьялар лауазымына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары туралы презентациялық нысанда көрсетті, сот қызметін жетілдіру үшін сот корпусына ғылыми қызметкерлерді тартудың практикалық қажеттілігіне назар аударды.
Жоғарғы Сот Кеңесі мүшесі А. Айтуарова көп жылдық өтілі бар судья ретінде сот қызметін жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті, судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі күрделілігін де, қажеттілігін де, құқықтың барлық салалары саласындағы білімін, өмірлік жағдайларды шеше білуі мен дағдыларын айқындайтын психологиялық факторларға назар аударды, бұл судьялардың дербес жауапкершілігін арттыратындығын жеткізді.
В.Амиртаев - Жоғарғы Сот Кеңесі адвокаттық корпусының мүшесі сот органдары қызметінің негізгі ұстанымдарын, үкім шығару кезіндегі олардың жауапкершілігін, сот төрелігін жүзеге асыру барысында Конституциялық қағидаттарды іске асыру кезінде басым рөлді белгіледі.
Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Б. Сембекова Жоғары Сот Кеңесінің мүшелерін құттықтай отырып, заң факультетінің сот, құқық қорғау және мемлекеттік органдар үшін білікті кадрлар даярлаудағы рөлін атап өтті, қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы әзірлеген білім беру бағдарламаларының, атап айтқанда 7М04204 "Сот билігі және Қылмыстық Әділет" ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура деңгейінде, 6в04204 "Сот-прокурорлық және тергеу-криминалистикалық қызмет" білім беру бағдарламасы бакалавриат деңгейінде.
Кездесу жоғары деңгейде өтті, сұрақ-жауап түрінде докторанттар мен магистранттар сот органдарының қызметіне қызығушылық танытты.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -