Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері Шымкент қаласының адвокаттарымен кездесті
2024 жылғы 16 мамырда Шымкент қаласының адвокаттар алқасының ғимаратында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері Е.Н.Беғалиев, С.А. Әміртаев, Г.К. Нұрлықұлов Шымкент қаласы адвокаттар алқасы төралқасының мүшелерімен және адвокаттарымен бірлесіп «Қалай судья болуға болады» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесуде Кеңес мүшелері судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру тәртібін, іріктеу кезеңдерін және судья лауазымына орналасудың басқа аспектілерін түсіндірді, сондай-ақ осы тақырып бойынша қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Шымкент қаласының Адвокаттар алқасы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -