Жоғары Сот Кеңесінің отырысы туралы
2024 жылғы 2 қазанда Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда сот жүйесінің ұйымдық-кадрлық мәселелері қаралды.
Отырыс шеңберінде Жоғары Сот Кеңесі кейбір аудандық соттарды құруға және атауларын өзгертуге, судьялардың штаттық санын белгілеуге, кейбір жергілікті соттар судьяларының санын өзгертуге келісім берді.
Сонымен қатар, Кеңес зейнеткерлік жасқа толған жергілікті соттардың екі судьясына қатысты шекті жасқа толғанға дейін судья лауазымында одан әрі болу туралы мәселені қарады. Қарау нәтижелері бойынша судьяларға зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін судья лауазымында болу мерзімдерін ұзартудан бас тартылды
Отставкаға шығуына, зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты, өз еркімен және қайтыс болуына байланысты лауазымынан босатуға 11 судья ұсынылды.
Соттардың қайта ұйымдастырылуына және тиісті соттар судьяларының штат санының
қысқартылуына
байланысты аудандық соттардың 22 судьясына судьялардың конкурссыз басқа да тең мәнді соттарды тағайындауына келісім берілді.Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -