Ақтөбе облысында жылдың үздік спортшылары марапатталды
Олардың қатарында олимпиадалық, паралипиадалық, сурдолимпиядалық және ұлттық спорт түрлерінен 2024 жылы өткен әлемдік және
республикалық
жарыстар
да
жүлделі орындарға ие болған спортшылар бар.
«Жаңа белес» атты спорт саласындағы жыл үздіктерін марапаттау шарасы өңірде жыл сайын ұйымдастырылып келеді.
Биыл шара Ақтөбедегі
Үстел теннисі орталығында өтті. Салтанатты шараға жергілікті атқарушы органдардың
ө
кілдері,
спорт ардагерлер
і, спортшылар және спорт мектептерінің тәрбиеленушілері қатысты.
Құттықтау сөзінде
облыс әкімі Асхат Шахаров спорт саласын дамыту үшін атқарылған жұмыстар
мен
ақтөбелік спортшылардың жетістіктерін
е тоқталды
.
«Ақтөбе облысында Президенттің тапсырмалары сәтті жүзеге асып келеді.
2024 жылы облыс спортшылары республикалық және халықаралық ареналарда Ақтөбенің ғана емес, Қазақстанның
абыройын асқақтатты.
Олар 65 алтын, 59 күміс және 112 қола медаль жеңіп алды, осылайша
өздерінің
шеберлігі мен табандылығын
көрсетті
. Бұл жетістіктер спортшылар
мен
олардың
жаттықтырушыларының, спорт ұйымдарының қажырлы еңбегі және бүкіл облыстың қолдауының арқасында мүмкін болды.
Командалық жетістіктер де, жеке жеңістер де аймақтың мақтанышына айналды.
Біз өз еңбегімен және адалдығымен
өңірдің атын паш еткен
әрбір спортшыны бағалаймыз.
Президенттің тапсырмасы бойынша спортшылардың кәсіби өсуі мен спорт инфрақұрылымын жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Келесі жылы біз жас таланттарды қолдау және салауатты өмір салтын насихаттау
ға қатысты
жұмыст
арды
жалғастырамыз. Сіздердің қолдауларыңызбен біз бұдан да үлкен биіктерге жететінімізге сенімдімін
»
, - де
п
әкім
с
порт саласындағы жетістіктер
ді атап өт
ті
.
Асхат Шахаров өңірдің спорттық инфрақұрылымының
қарқынды
дам
ып жатқанын
алға тартты
.
Мемлекет басшысының бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, спорт инфрақұрылымын жақсарту туралы тапсырмасы аясында облыста биыл 61
спорт нысаны салынып, іске қосылды. Келер жылы 11 ауыспалы спорт кешені құрылысы жалғасын тауып, 12 нысан құрылысын бастау көзделіп отыр.
Спорт нысандары
қатарының
артуы
407 мыңнан астам тұрғын
ның
денешынықтыр
у және спортпен
айналысуына
мүмкіндік берді, бұл облыс халқының 43%
-ін
құрайды. Бұқаралық спортқа ерекше назар аударыл
уда
: 3000-нан астам іс-шара ұйымдастырылды, оған 200 мыңнан астам адам қатысты. Бұл салауатты өмір салтын насихаттауға және жастар мен ересектер арасында спортқа деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.
Салтанатты рәсім барысында
37
спортшы
үздік деп танылды,
олар спорттың дамуына елеулі үлес қос
ып жүр,
облысты
ң атын
республикалық және халықаралық ареналарда
әйгіледі.
Марапатталғандардың арасында Есет Қуанов, Аруна Жангелдина және Бақыт Қосақбаева
–
дзюдошылар, Қазақстанның үш дүркін чемпиондары, Жансерік Көшербаев
–
жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған боксшы, Айдын Төлепбаев
–
ММА бойынша әлем чемпионы, Жанарыс Рахметқали
–
әскери қызметшілер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған дзюдошы және т.б. бар.
Әр марапатталушыға
естелік
сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ, шара барысында
гимнасттар, таэквондистер, футболшылар, боксшылар және дзюдошылар сияқты спортшылардың көрсетілімдері өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -