Қайта кәдеге жарату: Астанада дәстүрлі «ДАРмарка» өтті
Наурызнаманың онкүндігінің екінші күні қайырымдылыққа арналған. Елордада пайдалы заттармен алмасу, өзара көмек көрсету, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілікті дамытуға арналған дәстүрлі «ДАРмарка» өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
15 наурызда Наурызнаманың онкүндігі аясында Қайырымдылық күні өтіп жатыр. Бұл күні елордада өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге, қоғамдағы өзара көмекті дамытуға және әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған бірқатар іс-шар ұйымдастырылып жатыр.Соның бірі «ДАРмарка» жәрмеңкесі болды. Мұнда әрбір қатысушы өзіне қажет емес пайдалы әрі жарамды заттарын әкеліп, оның орнына киім-кешек, кітаптар, тұрмыстық бұйымдар сияқты өзіне пайдалы заттарды тегін ала алады. Сонымен қатар, қала тұрғындары картон мен пластикті осында тапсыра алады, олар қайта өңдеушілерге тапсырылады.Бұл бастама өзара қолдау көрсетуді ғана емес, сонымен бірге экологиялық тазалықты, саналы қолдануды, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды насихаттайды.
Іс-шара Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.«ДАРмарка» ұйымының бірлескен ұйымдастырушысы, эко-жаттықтырушы Мәриям Қасымова әлеуметтік-экологиялық шараға әсер ететін міндеттер туралы айтты.
«Мұнда сіз күнделікті қайта өңделетін түрлі материалдарды тапсыра аласыз. Сол сияқты пластикалық бөтелкелер жиналады. Осының барлығын қоқысқа тастамас үшін тұрғындар осында тапсыра алады. Содан кейін, жұмыс аяқталғаннан соң жиналған өңдеуге жарамды материалдарды әрі қарай өңдеу үшін кәсіпорындарға береміз. Бұл өте маңызды компонент. Осылайша біз тұрғындарға қатты тұрмыстық қалдықтарды дұрыс өңдеуді үйретеміз. Өкінішке қарай, көбісі оны әлі түсіне бермейді. Бұл шын мәнінде қоқыс емес. Бұл болашақта пайдалануға болатын құнды екінші шикізат деген негізгі ойды жеткізгіміз келеді», – дейді Мәриям Қасымова.
Шараға қатысушылардың бірі Астана тұрғыны Алена Иванюкова эконауқанға қатысудың себебі туралы айтты.
«Мен бірнеше жылдан бері қоқыс сұрыптаймын, өзімді экологияға бей-жай қарамайтын эко белсендімін деп есептеймін. Бұл – мен қатысып жатқан төртінші «ДАРмарка». Менің ойымша, заттарды қоршаған ортаға зиянсыз түрде алмастыру өте жақсы, ал табиғат үшін қайта өңдеу пайдалы. Бүгін мен қайта өңдеуге арналған заттар әкелдім – көп пластик, сондай-ақ электронды қалдықтар.Сондай-ақ пластикалық ойыншықтарды айырбастау үшін әкелдім, ал пайдаланбайтын киімдерді сыйға тарттым», - дейді астаналық.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -