Зейнетақы тағайындау кезінде Конституциялық Соттың шешімі ескерілуі тиіс: Астана қаласы, 17 Наурыз 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Зейнетақы тағайындау кезінде Конституциялық Соттың шешімі ескерілуі тиіс

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі зейнетақы тағайындау кезіндегі еңбек өтілін есепке алу тәртібін түсіндірген болатын.

Бұл түсініктеме https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/naznachenie-pensii-kazahstane-uchityivaetsya-trudovoy-staj-565259/ жақында Конституциялық Сот қабылдаған шешімді ескерусіз берілген.

Осыған байланысты Конституциялық Сот Әлеуметтік кодекстің тиісті нормасын түсіндіру туралы қабылдаған шешімді https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/795361?lang=kk қосымша еске саламыз.

Осы шешімге сәйкес, бала күтімі уақытының еңбек өтіліндегі есебі (3 жасқа дейін) ана, әке және баланы қорғау туралы Конституциялық кепілдікке сүйене отырып, осындай күтімді жүзеге асыратын кез келген жұмыс істемейтін ата-анаға қатысты болуы тиіс.

Конституциялық Сот өзінің 2025 жылғы 7 ақпандағы № 66-НҚ нормативтік қаулысында, жас балаға нақты күтім жасау оның қалыпты физикалық, психикалық, моральдық және психологиялық дамуы үшін қажет ерекше күтім мен қорғауды қажет ететінін атап өтті.

Бала өмірінің осы кезеңінде объективті жағдайларға байланысты әдетте, баланың анасы мен әкесі ретінде әрекет ететін ата-ана өздерінің еңбек ету құқығын іске асыруда шектелуі мүмкін.

Еңбек заңнамасы жұмыс берушіге бала үш жасқа толғанға дейін ата-анасының – баланың анасының не әкесінің, сондай-ақ баланы тәрбиелеп отырған ата-анасының таңдауы бойынша бала күтімі бойынша демалыс беру міндетін бекітеді.

Ата-ана міндеттерін орындауға байланысты мұндай мән-жайлар әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат шеңберінде өтемдік тетіктерді әзірлеу кезінде ескерілуге тиіс, өйткені Конституция неке мен отбасын, ана мен әке мен баланы қорғауға кепілдік беретін Қазақстан Республикасы қабылдаған әлеуметтік мемлекет моделі туралы ережелерді бекітеді.«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңға сәйкес Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпыға міндетті, түпкілікті және шағымдануға жатпайтынын еске саламыз.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар