«Таза Қазақстан»: ЕҰУ-да су ресурстарының маңыздылығы туралы дөңгелек үстел өтті: Астана қаласы, 17 Наурыз 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: ЕҰУ-да су ресурстарының маңыздылығы туралы дөңгелек үстел өтті

17 наурыз күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жаратылыстану ғылымдары факультетінде «Жастар Рухы» жастар қанаты мен «Эколог» ғылыми-студенттік клубының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында және Дүниежүзілік су ресурстары күніне орай дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын қолдау және су ресурстарының маңыздылығына назар аудару, суды ұтымды пайдалану мәдениетін қалыптастыру және экологиялық сананы дамыту.

Дөңгелек үстел барысында студенттер су ресурстарының экожүйелердегі рөлін, олардың тіршілік үшін маңыздылығын және оларды сақтау қажеттілігін тереңірек түсінді. Сондай-ақ қаламыздағы маңызды су айдындары мен су-батпақ алқаптарының экожүйеге тигізетін оң әсері туралы ақпарат алды.

«Таза Қазақстан» акциясының аясында мұндай іс-шаралар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Дөңгелек үстелге қатысушылар өз білімдерін жетілдіріп қана қоймай, экологиялық жауапкершілікті арттырып, суды ұқыпты пайдаланудың маңыздылығын түсінді.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
«Таза Қазақстан»: ЕҰУ-да су ресурстарының маңыздылығы туралы дөңгелек үстел өтті <p align="justify">17 наурыз күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жаратылыстану ғылымдары факультетінде «Жастар Рухы» жастар қанаты мен «Эколог» ғылыми-студенттік клубының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында және Дүниежүзілік су ресурстары күніне орай дөңгелек үстел өтті.</p> <p align="justify">Іс-шараның басты мақсаты – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын қолдау және су ресурстарының маңыздылығына назар аудару, суды ұтымды пайдалану мәдениетін қалыптастыру және экологиялық сананы дамыту.</p> <p align="justify">Дөңгелек үстел барысында студенттер су ресурстарының экожүйелердегі рөлін, олардың тіршілік үшін маңыздылығын және оларды сақтау қажеттілігін тереңірек түсінді. Сондай-ақ қаламыздағы маңызды су айдындары мен су-батпақ алқаптарының экожүйеге тигізетін оң әсері туралы ақпарат алды.</p> <p align="justify">«Таза Қазақстан» акциясының аясында мұндай іс-шаралар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Дөңгелек үстелге қатысушылар өз білімдерін жетілдіріп қана қоймай, экологиялық жауапкершілікті арттырып, суды ұқыпты пайдаланудың маңыздылығын түсінді.</p>

Аймақтағы жаңалықтар