Елорданың Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында тұсау кесу рәсімі өтті
Елорданың Алматы ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында тұсау кесу рәсімі өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара барысында Хадия есімді бүлдіршіннің түсауы кесілді. Сәбидің әжесінің айтуынша, бұл рәсімді асыға күткен, өйткені жиынға құрметті қонақтар қатысқан.
«Бұл біздің отбасымыз үшін өте қызықты күн болды. Немерем тұлға болып өскенін, бүгін бауын кескен адамның барлық жақсы қасиетін бойына сіңіреді деп үміттенемін», – дейді бүлдіршіннің әжесі Нұрбике Ысмағұлова.
Жиналғандар қазақ халқының өзге де салт-дәстүрлерін көрді.
«Біз бұл күнді ата-бабаларымыздың мәдениетіне арнадық. Жиынға дайындық барысында ұлттық киімдер арнайы тігілді. Қолөнершілер ұмытылып бара жатқан дәстүрді көрсетті. Орталыққа қатысушылар мектепте де осындай сабақтар өткізіп, қыздарды ұмытылып бара жатқан дәстүрге үйретеді», - дейді «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының бұқаралық іс-шараларын ұйымдастырушы Бақытжан Төлеубаева.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -