АЛАЯҚТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтарды WhatsApp және Telegram желілері арқылы жалған аккаунттар ашып, Ғылым және жоғары білім министрлігі қызметкерлері мен басшылығы атынан қоңырау шалатын, сонымен қатар жалған ақпарат жіберетін бір топ адамдардың алаяқтық әрекеттері туралы ескертеді.
Осыған орай Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтарды бейтаныс аккаунттарға сенбеуге және күмәнді сілтемелерге жазылмауға, сондай-ақ ақша аударымдарына жол бермеуге шақырады.
Егер сіздерге осындай қоңыраулар түссе, бұл фактілерді дереу құқық қорғау органдарына хабарлауыңызды сұраймыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -