Алмасадам Сәтқалиев ОПЕК+ тобының төрағасы және тең төрағасымен кездесу өткізді
Бүгін Астанада Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ОПЕК+ тобының төрағасы Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика министрі Оның Корольдік мәртебесі Абдулазиз Бин Салман бин Абдулазиз Аль Саудпен телефон арқылы және тең төраға Ресей Федерациясы Премьер-Министрінің орынбасары мәртебелі Александр Новакпен жеке түрде үшжақты кездесу өткізді. Кездесуге қатысушылар әлемдік мұнай нарығында тұрақтылық пен тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығын және ОПЕК+ тобындағы маңызды рөлді атап өтті. Қазақстан ОПЕК+ келісіміне, өндіруді ерікті түрде қысқартуға және ОПЕК хатшылығына ұсынылған жаңартылған өтемақы жоспарына сәйкес артық өндірісті өтеуге өзінің бейілділігін растады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -