Алматыда «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясының қорытындысы шығарылды: Астана қаласы, 31 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Алматыда «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясының қорытындысы шығарылды

Елімізде сауда объектілерінде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша республикалық акция өткізілді. Алматы қаласы ТЖД өкілдері өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде акцияның қорытындысын шығарды.

ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Константин Канин атап өткендей, сауда объектілеріндегі өрттердің негізгі себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болып табылады.

«Ағымдағы жылдың 7 айында Алматы қаласының аумағында 388 өрт тіркелді, оның 11-і сауда нысандарында болған. Бұл өрттердің себептері: электр сымдары мен құрылғыларының қысқа тұйықталуы – 10 жағдай, дәнекерлеу – 1. Нәтижесінде меншік иелеріне де, жалға алушыларға да үлкен материалдық залал келтірілді, бұл тек тауарлық-материалдық  емес, сонымен қатар көптеген отбасылар үшін табыс көздерін жоғалтуға әкелді», – деді спикер.

Департаменттің есебінде барлығы 14 мыңнан астам сауда объектілері бар, олардың 242-сі жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатады, олар Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес өрт қауіпсіздігі саласында профилактикалық бақылауға және қадағалауға жатады.

«Ағымдағы жылы 26 сауда нысаны профилактикалық бақылауға алынды, өрт қауіпсіздігі талаптарының 609 бұзушылығы анықталды. Басшыларға анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді», - деп нақтылады К.Канин.

Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 30 сауда объектісіне профилактикалық бақылау жүргізу жоспарланған. Қалған объектілер жаңа реттеу ережелеріне байланысты тексерілуге жатпайды.

Спикер негізінен мынадай бұзушылықтарға жол берілетінін атап өтті: автоматты өрт дабылдарының болмауы, эвакуация жолдарында жанғыш материалдарды, қалдықтарды, қаптамаларды сақтау; қолда бар автоматты өрт дабылының дұрыс жұмыс істемеуі, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болмауы және т.б.

Брифингке қатысқан ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы, Дарын Мұқанов Алматы қаласында сауда объектілерінде өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында «»Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы өткізілгенін хабарлады, оның шеңберінде 123 сауда объектілерінде өрт қауіпсіздігі саласында профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері мен еріктілер жұмылдырылды. 35 мыңнан астам адамды қамти отырып, сауда орын иелері мен жалға алушылармен 150-ге жуық кездесулер, нұсқамалар, әңгімелер мен түсініктемелер ұйымдастырылды және өткізілді. Жедел жоспарлар мен өрт сөндіру нұсқамалары түзетілді.

Сондай-ақ, «Ялян» базарында өрт-тактикалық сабағы өткізілді, оның мақсаты нақты өрт жағдайында жеке құрамның іс-әрекеттерін пысықтау болды.

Ол көптеген нысандарда жаңа реттеуші саясатқа байланысты өрт-техникалық тексерулер жүргізілмегенін, осылайша азаматтық қорғау органдары тарапынан бақылаусыз қалатынын айтты.

Осыған байланысты, бүгінгі күні профилактикалық бақылауға жатпайтын сауда объектілерінің басшыларымен өрт-техникалық тексеруді өздерінің бастамасымен жүргізу мәселесі пысықталуда. Бұл ретте,  әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылмайды, қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар берілетін болады.

Соңында мамандар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауға шақырды.

Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар