ҚР Әділет министрлігі Аппарат басшысы азаматтарды қабылдады
Әділет министрлігінде Аппарат басшысы Сандуғаш Ерсейітова азаматтарды қабылдап, өтініштерін тыңдады. ШҚО тұрғыны әділет органдарының қызметіне қатысты шағымдарын жеткізді.
Сандуғаш Ерсейітова істің мән-жайын зерделей келе, мәселені жедел шешуге шаралар қабылдады.
Сондай-ақ, Аппарат басшысы сот шешімдерін орындау кезінде әділеттілік пен барлық заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Көтерілген мәселелер жан-жақты сарапталып, заңда белгіленген мерзімде өтініш берушіге жеткізілетін болады.
Әділет министрлігі осы бағыттағы жұмысты жалғастырады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -