Қазақстан мен Словения СІМ арасындағы саяси ынтымақтастықты тереңдетуде: Астана қаласы, 27 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстан мен Словения СІМ арасындағы саяси ынтымақтастықты тереңдетуде

Астана, 2024 жылғы 27 қараша – Қазақстан мен Словенияның сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялардың үшінші раунды ҚР Сыртқы істер министрлігінде өтті.

Консультациялар барысында екі елдің дипломаттары саяси ынтымақтастық, сауда-экономикалық байланыстар, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар сияқты кең ауқымды мәселелерді талқылап, 2025 жылға жоспарланған екіжақты іс-шаралар мен сапарлардың күнтізбесін қарастырды.

Өз сөзінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстанның Словенияны Еуропалық одақтағы маңызды саяси және экономикалық серіктес ретінде қарастыратынын атап өтіп, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайындығын білдірді. Ол Қазақстанның Словенияда жаңадан ашылған елшілігінің екіжақты қатынастарды нығайтудағы маңыздылығын ерекше атап өтті.

Словения делегациясының басшысы Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Марко Штуцин Қазақстанды Словенияның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі ретінде атап өтіп, әр түрлі салалардағы ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге сенім білдірді.

Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы байланысты талқылау барысында Словения дипломаты Қазақстан мен ЕО арасындағы визалық режимді жеңілдету бойынша қолдауын растады.

Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар мен халықаралық ұйымдар аясындағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға бейілділіктерін білдірді.

Сұхбаттастар сыртқы істер министрліктері арасында белсенді және нәтижелі диалогты жалғастыруға, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандыру бағытында бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Словениядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 36 млн АҚШ долларына жетті. 2023 жылы Қазақстан мен Словения арасындағы тауар айналымы 111,5 млн долл. құрап, 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңінде тауар айналымы 92,5 млн долларға жетті, оның ішінде экспорт 4,4 млн долл., импорт 88,1 млн долл.

Ақпарат көзі: Министерство иностранных дел Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар