Алматы облысында «Балаларды суда қорғаңыздар» республикалық акциясы өтуде
ТЖД қызметкерлері су айдындарындағы балалармен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында «Су айдындарында балаларды сақтаңыздар» атты республикалық акциясын өткізуде.
Аталған акция аясында, Қонаев қаласы Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында орналасқан «Күншуақ» жазғы балалар лагерінің аумағында практикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында балалар мен ересектерге суға батып бара жатқан адамды құтқару және оған алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша демонстрациялық қойылым және құтқару техникаларын ашық көрмесін көрсету ұйымдастырылды.
Балалармен және олардың ата-аналарымен судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері бойынша әңгімелер жүргізілді.
Сонымен қатар, балаларға осы ережелерді сақтауды үйретуге бағытталған судағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін білу бойынша конкурстар ұйымдастырылып өткізілді.
Осындай іс-шаралар бүкіл облыс бойынша өткізілді.
ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды және ешбір жағдайда балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұрайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -