ASTANA INTERNATIONAL UNIVERSITY БАЗАСЫНДА ИНЖЕНЕРЛІК ОРТАЛЫҚ ҚҰРЫЛДЫ
Astana International University президенті Ирсалиев С.А. және «NANOTECHPROM» ЖШС директоры Жұбаназаров С.Т. AIU базасында Инженерлік орталық құру туралы Меморандумға қол қойды.
Тараптар қазақстандық және шетелдік технологиялық компаниялардың тапсырысы бойынша жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, ғылыми-зерттеу қызметін коммерцияландыру, сондай-ақ компьютерлік инжиниринг пен аддитивті технологияларды қолдану, оның ішінде американдық Altair Engineering компаниясының әзірлемелерін пайдалану бойынша әріптестікті нығайтуға ниетті.
Инженерлік орталықтың ашылуы AIU студенттері мен оқытушыларына жоғары өндірістік стандарттар бойынша сертификат алуға, заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып кешенді зерттеулер жүргізуге және шетелде тағылымдамадан өту арқылы кәсіби тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ынтымақтастықтың маңызды тұсы — AIU студенттеріне, магистранттарына және докторанттарына ғылыми жобалармен жұмыс істеу және қонақтық дәрістер оқу үшін жоғары білікті техникалық мамандарды тарту екенін атап өту керек.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -