АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН "ҰСТАЗ" МЕКТЕБІН 42 ОҚУШЫ БІТІРДІ
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті жанынан ашылған «Ұстаз» дарынды ер балаларға арналған мектеп-интернаты түлектерінің салтанатты кеші өтті. Биыл 11 сыныпты 42 оқушысы үздік оқып бітірген.
Университеттің «Жайық» спорт кешенінде өткен мерекелік кешке оқу орының академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Асхат Чукуров, білім ордасының әлеуметтік серіктесі, "Былина" орыс этно-мәдени орталығының жетекшісі Андрей Кораблев, мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты.
«Мектепте оқып жүріп Президент ретінде қоғамдық жұмыс атқардым. Болашақта физика пәнінің мұғалімі боламын. «Ұстаз» мектебіндегі мұғалімдерім «Алтын белгі» үміткері болуыма, биіктерден көрінуіме еселі еңбек етті. Мектепте үлкен орта қалыптасқан. Себебі, дарынды оқушылар облыстың әр аудандарынан, шалғай ауылдардан келіп бір сыныпта оқиды. Достарым өте ынтымақты, бауырмал», - дейді жастүлек Жігер Өмірұзақ. Сондай-ақ, Х.Досмұхамедов университеті дарынды балалардың арасынан жан-жақты жетістікке жеткен түлектерге университет қабырғасында білім алу үшін әртүлі деңгейде жеңілдіктер ұсынып отыр.
Сапалы білім алған түлектер «Ұстаз» ер балаларға арналған мектеп-интернатының негізін қалаушы, бірегей жобаның қамқоршысы Х.Досмұхамедов университеттің басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисовқа, білім берген ұстаздарына, қолдау көрсеткен ата-аналарына алғыс айтып, мерекелік концерт ұйымдастырды. Ал, мектеп-интернатының директоры оқушылардың «Ұстазда» білім алуына сенім білдіріп, ұдайы қолдау көрсетіп келе жатақан дарынды балалардың ата-аналарына алғыс хаттар табыстады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -