ҚАЗҰУ-ДА 9 ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ: Астана қаласы, 04 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚАЗҰУ-ДА 9 ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

ҚАЗҰУ-ДА 9 ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

ҚАЗҰУ-ДА 9 ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

ҚАЗҰУ-ДА 9 ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

ҚАЗҰУ-ДА 9 ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

ҚАЗҰУ-ДА 9 ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

ҚАЗҰУ-ДА 9 ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

ҚАЗҰУ-ДА 9 ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

ҚАЗҰУ-ДА 9 ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

ҚАЗҰУ-ДА 9 ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

ҚАЗҰУ-ДА 9 ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заманауи «Farabi Chem Science» кластері ашылды. Құрамына 9 ғылыми зертхана кіретін кластер химия және химиялық технологиялар факультетінде орналасқан.

Зертханалардың мақсаты – қоршаған ортаны ластаушы заттарды анықтап, талдау, химиялық ток көздеріне арналған жаңа материалдарды әзірлеу, мұнай химиясы саласында тереңдетілген зерттеулер жүргізу, отандық медициналық-биологиялық құралдар мен бактерияға қарсы қорғаныш жабындарын алудың оңтайлы әдістерін әзірлеу.

Ашылу салтанатына ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Гарвард университетінің профессоры, зерттеуші-ғалым Марк Эллиот, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев, ғалымдар, жас зерттеушілер, оқу ордасының оқытушылары қатысты.

Құрметті қонақтарға химия және химиялық технология факультетінің деканы Алина Галеева жаңадан ашылған зертханалар туралы толық ақпарат беріп, қызметімен таныстырды.

Шара барысында Саясат Нұрбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық ғылым мен білімді дамытуға және инновациялық тәсілдерді енгізуге айрықша мән беріп отырғанына тоқталды.

«Алматыда өткен жас ғалымдармен кездесуде Президент: «Біз көшке ілесетін емес, көшті бастайтын елдердің қатарында болуымыз керек. Бір сөзбен, ғылыми әлеуетімізді арттыру қажет», - деп атап өтті. Бүгінгі ҚазҰУ базасында ашылып жатқан зертханалар еліміздің химия саласын дамытып, химия өнеркәсібі саласындағы жұмыстарды тереңдету үшін аса маңызды», - деді Саясат Нұрбек.

Өз кезегінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев зертханалар химиядан бөлек, медицина және биология саласындағы өзекті мәселелерді шешуге сеп болатынын айтты.

Аталған ғылыми зертханалар металл және ағаш конструкцияларға арналған отқа төзімді жабындарды жасауға, арнайы қасиеттері бар бейорганикалық материалдардың жаңа түрлерін зерттеуге, заттар мен материалдарды сандық және сапалық талдау бойынша қызметтерді орындауға мол мүмкіндік береді.

Мұнда ғалымдардың емін-еркін жұмыс істеулері үшін қолайлы жағдай жасалған, сондай-ақ соңғы үлгідегі құрылғылар және аппараттармен жабдықталған

Айта кетейік, химиялық ғылыми кластеріне Аналитикалық химия және қоршаған орта зертханасы, Электрохимиялық өндіріс технологиясы зертханасы, Мұнай-химия зертханасы, Химия-медициналық зертхана, Жұқа органикалық синтез зертханасы, Энергияны көп қажет ететін наноматериалдар зертханасы, Перспективалық материалдар мен технологиялар зертханасы, Жоғары дәлдіктегі материалдарды диагностикалау зертханасы және Chemical Coatings Innovations ғылыми-өндірістік орталығы кіреді.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар