ҚАЗҰУ-ДА «ТОПЫРАҚ ЭКОЛОГИЯСЫ» ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ: Астана қаласы, 28 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚАЗҰУ-ДА «ТОПЫРАҚ ЭКОЛОГИЯСЫ» ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетіндегі Тұрақты даму және табиғатты тиімді пайдалану ғылыми орталығында «Топырақ экологиясы» зертханасы ашылды.

Аталған ғылыми зертхана ҚР ҒЖБМ Ғылым қорының қолдауымен жүзеге асып отыр.

​     Тұрақты даму мақсаттарының 13-ші және 17-ші бағытын іске асыратын жаңадан ашылған зертхананың мамандары Қазақстан аумағындағы түрлі топырақтардың құрамын зерттеп, олардың эрозияға ұшырамауын қадағалайды, сондай-ақ мониторинг жүргізіп, табиғатты ұтымды пайдаланудың іргелі мәселелерін шешумен айналысады.

Ғылыми зертхана соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталған. Атап айтқанда: GBC Savantaa атомдық сіңіру спектрометрі, биологиялық микроскоп, НПЛ-2 үстел үсті топырақ зерттеу құрылғысы, рН-метр/иономер ИТАН, аналитикалық ВЛ-124В таразысы, ВЛТЭ-510С зертханалық таразысы және т.б. Аталған құрылғылар топырақ жағдайының негізгі химиялық, морфологиялық және физикалық көрсеткіштерін бағалауға, топырақтағы аммоний азотын, кальций мен магнийді, карбонатты анықтауға, қатты және сұйық үлгілердегі әртүрлі металдардың құрамын талдауға мүмкіндік береді.

Ғылыми зертхананың ғалымдары еліміздегі барлық аумақтарда зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Бүгінге дейін зертхана мамандардың көмегімен Балқаштың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі өзен бассейндерінің геожүйелері бойынша жергілікті органдарға картографиялық материал ұсынылды. Сонымен қатар Ақдала суару массивінің топырық процестерінің динамикасы зерттеліп, күріш дақылдарын жақсарту әдістері ұсынылды.

Ғалымдар сондай-ақ Ақтөбе облысындағы Хромтау қаласы аумағында ауыр металдардың ластануына экологиялық-геохимиялық бағалау жүргізіп, батыс өңіріндегі мұнаймен ластанған топырақтың антропогендік жүктемеге төтеп беру қабілетін зерттеген болатын.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетіндегі Тұрақты даму және табиғатты тиімді пайдалану ғылыми орталығында «Топырақ экологиясы» зертханасы ашылды.

Аталған ғылыми зертхана ҚР ҒЖБМ Ғылым қорының қолдауымен жүзеге асып отыр.

​     Тұрақты даму мақсаттарының 13-ші және 17-ші бағытын іске асыратын жаңадан ашылған зертхананың мамандары Қазақстан аумағындағы түрлі топырақтардың құрамын зерттеп, олардың эрозияға ұшырамауын қадағалайды, сондай-ақ мониторинг жүргізіп, табиғатты ұтымды пайдаланудың іргелі мәселелерін шешумен айналысады.

Ғылыми зертхана соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталған. Атап айтқанда: GBC Savantaa атомдық сіңіру спектрометрі, биологиялық микроскоп, НПЛ-2 үстел үсті топырақ зерттеу құрылғысы, рН-метр/иономер ИТАН, аналитикалық ВЛ-124В таразысы, ВЛТЭ-510С зертханалық таразысы және т.б. Аталған құрылғылар топырақ жағдайының негізгі химиялық, морфологиялық және физикалық көрсеткіштерін бағалауға, топырақтағы аммоний азотын, кальций мен магнийді, карбонатты анықтауға, қатты және сұйық үлгілердегі әртүрлі металдардың құрамын талдауға мүмкіндік береді.

Ғылыми зертхананың ғалымдары еліміздегі барлық аумақтарда зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Бүгінге дейін зертхана мамандардың көмегімен Балқаштың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі өзен бассейндерінің геожүйелері бойынша жергілікті органдарға картографиялық материал ұсынылды. Сонымен қатар Ақдала суару массивінің топырық процестерінің динамикасы зерттеліп, күріш дақылдарын жақсарту әдістері ұсынылды.

Ғалымдар сондай-ақ Ақтөбе облысындағы Хромтау қаласы аумағында ауыр металдардың ластануына экологиялық-геохимиялық бағалау жүргізіп, батыс өңіріндегі мұнаймен ластанған топырақтың антропогендік жүктемеге төтеп беру қабілетін зерттеген болатын.

Аймақтағы жаңалықтар