Қазақстан банк секторының 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жай-күйі туралы
2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 11 банк шетелдің қатысуымен, оның ішінде 8 еншілес банк.
Банк секторының активтері 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша негізінен берілген қарыздар бойынша және туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша клиенттерге қойылатын талаптардың өсуі есебінен 2024 жылғы тамызда 1,9%-ға немесе 1,1 трлн теңгеге ұлғайып, 57,8 трлн теңге құрады (2024 жылдың басынан 12,5%-ға немесе 6,4 трлн теңгеге өсу).
Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 17,7 трлн теңгені немесе активтердің 39,5%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері 2024 жылғы тамызда 2,0%-ға 31,1 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 11,5%-ға өсу) ұлғайды.
Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері 2024 жылғы тамызда 2,0%-ға 31,1 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 11,5%-ға өсу) ұлғайды. Бұл ретте, ұлттық валютада берілген кредиттер 1,8%-ға 28,5 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында – 4,6%-ға 2,7 трлн теңгеге дейін, оның ішінде АҚШ долларының теңгеге қатысты 1,6%-ға нығаюы нәтижесінде оң қайта бағалауға байланысты өсті.
Нәтижесінде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 91,4 %-ды құрады (01.01.2024ж. - 92,3%).
Бизнес субъектілеріне берілетін кредиттер 2024 жылғы тамызда негізінен айналым қаражатын сатып алуға берілген қарыздардың 1,3%- ға, инвестициялар мен бағалы қағаздардың 8,6%-ға өсуі есебінен 1,7%-ға 12,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 6,5%-ға өсу). Оның ішінде ірі бизнеске берілген қарыздар 1,7%-ға 4,1 трлн теңгеге дейін өсті, ШОБ субъектілеріне қарыздар 1,3%-ға 5,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Дара кәсіпкерлерге берілетін кредиттер бөлшек саудамен (+3,2%) және тұру және тамақтану бойынша қызметтер көрсетумен (+3,5%) айналысатын ДК берген қарыздардың өсуі есебінен бір айда 3,1%-ға 2,0 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 30,9% - ға өсу) ұлғайды.
Салалық бөліністе 2024 жылғы тамызда кредиттердің өсуі барлығы дерлік салаларда байқалады: өнеркәсіп – 3 838 млрд теңгеге дейін 1,0%-ға, негізінен айналым қаражатын толтыруға қысқа мерзімді қарыздардың өсуі есебінен сауда – 3 147 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға, инвестицияларға қарыздардың өсуі аясында көлік – 820 млрд теңгеге дейін 3,7%-ға, құрылыс – 623 млрд теңгеге дейін 3,0%-ға және ауыл шаруашылығы – 492 млрд теңгеге дейін 2,7%-ға. Мерзімінен бұрын өтеулерге байланысты ақпарат және байланыс салаларының бизнес субъектілеріне берілетін кредиттер портфелінің 165 млрд теңгеге дейін 2,0%-ға төмендеуі байқалады.
2024 жылғы тамызда бизнес субъектілеріне 1,5 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді. Бұл ретте 2024 жылғы 8 айда бұл көрсеткіш 11,1 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,3%-ға көп.
2024 жылғы тамызда бизнеске берілген жаңа кредиттер құрылымында 1 жылға дейінгі қысқа мерзімді қарыздар басым болды – 1,1 трлн теңге немесе 72%, ал 1 жылдан астам мерзімге жаңа кредиттердің үлесі 28% немесе 420 млрд теңгені құрады. Сақталып отырған жоғары мөлшерлемелер аясында бизнес субъектілері негізінен айналым қаражатын толықтыруға қарыздар тартуды жалғастыруда.
Мәселен, 2024 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша ұлттық валютада берілген ірі бизнестің кредиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 16,9%-ды (2024 жылғы шілдеде – 16,8%, 2023 жылғы желтоқсанда – 18,2%), ШОБ субъектілері бойынша 18,2%-ды (2024 жылғы шілдеде – 18,7%, 2023 жылғы желтоқсанда – 19,2%) құрады.
Халыққа берілген кредиттер 2024 жылғы тамызда 2,2%-ға ұлғайып (2024 жылдың басынан бастап 14,8%-ға өсті), 19,2 трлн теңгені құрады. Халыққа берілетін кредиттер құрылымында тұтынушылық қарыздар 5,8%-ға 12,6 трлн теңге дейін өсті (жыл басынан бері 22,7%-ға өсу). Бұл ретте тұтынушылық кредиттердің негізгі өсуі негізінен өзге қарыздар санатынан тұтынушылық қарыздар санатына шамамен 400 млрд теңге сомаға қарыздарды техникалық қайта жіктеуге байланысты болды.
2024 жылғы тамызда ипотекалық кредит беру мен тұрғын үй нарығының қалпына келуі жалғасын тапты. Банктердің ипотекалық портфелі 2024 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша 1,8%-ға 5,7 трлн теңгеге дейін өсті. 2024 жылғы 8 айда жаңа ипотекалық қарыздар беру шамамен 1,2 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 16,2%-ға артық. Бұл ретте, берілген ипотекалық кредиттер құрылымында нарықтық шарттарда берілген ипотекалық кредиттердің 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 45,2%-ға 442,4 млрд теңгеге дейін өсу үрдісі байқалады. Оның ішінде бұл кредиттер бойынша мөлшерлемелердің 2023 жылғы қаңтардағы 22,4%-дан 2024 жылғы тамыздағы 18,2%-ға дейін төмендеуіне байланысты.
Бұл ретте жеңілдікті шарттармен берілген ипотекалық кредиттердің шамалы өсуі байқалады (Отбасы Банк, 7-20-25) – 4%-ға 751,2 млрд теңгеге дейін, олар бойынша сыйақы мөлшерлемесі орта есеппен 7,3%-ды құрады (01.01.2023 ж. – 7,6%).
2024 жылғы тамызда халыққа ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған мөлшерлеме 19,0%-ды құрады (2024 жылғы шілдеде – 19,3%, 2023 жылғы желтоқсанда – 16,8%).
Кредиттік портфельдің сапасы тұрақты болып қалуда. 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банк секторы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен қарыздар деңгейі (NPL90+) несие портфелінің 3,1%-ын немесе 1,0 трлн теңгені құрады (2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша – 3,1% немесе 1,0 трлн теңге).
Бұл ретте, бизнеске берілген кредиттер бойынша портфельдің сапасының шамалы төмендеуі байқалады – NPL90 + қарыздардың үлесі 300 млрд теңгеге 2,1%-дан 2,2%-ға дейін ұлғайды. Сонымен қатар, халықтың кредиттері бойынша проблемалық берешек деңгейінің сақталуы байқалады, олардың үлесі 3,9% немесе 740 млрд теңгені (01.08.2024 ж. – 3,9% немесе 738 млрд теңге) құрайды.
Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып, 70,9%-ды құрайды (01.01.2024ж. – 75,9%).
Банк секторының міндеттемелері 2024 жылғы тамызда негізінен туынды қаржы құралдары мен РЕПО операциялары бойынша міндеттемелерінің өсуі есебінен 1,6%-ға 49,80 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 11,7%-ға немесе 5,2 трлн теңгеге өсу). Банк секторы міндеттемелерінің құрылымы негізінен банктердің жиынтық міндеттемелерінің 76,9%-ын немесе 38,3 трлн теңгені құрайтын клиенттердің салымдары арқылы ұсынылды.
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2024 жылғы тамызда негізінен ірі салымшылар қаражатын алу нәтижесінде, оның ішінде қарыздар мен контрагенттер бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін, сондай-ақ дивидендтер төлеу үшін 0,8%-ға 36,2 трлн теңгеге дейін төмендеді. Ұлттық валютасындағы депозиттер 2024 жылғы тамызда 0,3%-ға 28,4 трлн теңгеге дейін, шетел валютасындағы депозиттер 2,7%-ға 7,8 трлн теңгеге дейін төмендеді. Нәтижесінде 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша долларландыру деңгейі 21,5%-ды құрады (2024 жылғы тамызда – 25,1%).
Заңды тұлғалардың депозиттері 2024 жылғы тамызда негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 2,9%-ға 12,0 трлн теңгеге дейін азаюы салдарынан 3,3%-ға 15,8 трлн теңгеге дейін төмендеді. Жеке тұлғалардың депозиттері 1,2%-ға 20,4 трлн теңгеге дейін өсті.
Ақша-кредит шарттарын жеңілдету нәтижесінде депозиттер нарығында мөлшерлемелерді біртіндеп төмендету байқалады. Мәселен, банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2024 жылғы тамызда бір ай бұрынғы 13,2%-бен салыстырғанда 13,1%-ды, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 13,5%-ды (2024 жылғы шілдеде – 13,5%) құрады.
Банктердің меншікті капиталы негізінен бөлінбеген таза пайданың және қайта бағалау резервтерінің ұлғаюы нәтижесінде 2024 жылғы тамызда 3,5%-ға 8,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 17,2%-ға немесе 1,2 трлн теңгеге өсу). 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,6%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 21,5%-ды құрады (01.01.2024ж. – 21,5%), бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір артық және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.
2024 жылғы қаңтар – тамызда банктердің таза пайдасы 1,6 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға көп. Банктік активтердің рентабельділігі (ROA) 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 5,3%-ды (2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша – 4,7%), капитал рентабельділігі (ROE) 39,1%-ды (2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша – 37,8%) құрады.
Сыртқы коммуникациялар Басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -