Қазақстан Бас Прокурорының ЭЫҰ-ға мүше елдер бас прокурорларының отырысына қатысуы туралы
Қазақстанның Бас Прокуроры Берік Асылов Душанбе қаласында өткен Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер бас прокурорларының 5-отырысына қатысты.
Отырыста прокуратуралардың Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан басшылары экстремизмге, терроризмге және трансұлттық қылмысқа қарсы күрес, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ ақпараттық қылмыстарға қарсы іс-қимыл мәселелерін қоса алғанда, қазіргі кезеңдегі ынтымақтастықтың маңызды бағыттарын талқылады.
Б.Н. Асылов Қазақстан прокуратурасының кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісіп және олардың сақталуы еліміздің Президентімен қадағалаудың жаңа векторы ретінде айқындалғанын атап өтті.
Қазақстандық қадағалау органының басшысы кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде заңнамалық сипаттағы заңсыз тексерістер мен әкімшілік кедергілерді болдырмауға бағытталған шаралар туралы айтып берді.
Қазақстан Республикасы Президентінің а.ж. 8 мамырдағы «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен Бас прокуратураға бизнесті қорғау жөніндегі жұмысты жалғастыру үшін заңнаманы жетілдіру тапсырылғанын атап өтті.
Іс-шара соңында ЭЫҰ-ға мүше елдердің бас прокурорлары қорытынды Декларацияға және мақсаттар мен міндеттерді, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық тетіктерін айқындайтын бірлескен өзара іс-қимыл жоспарына қол қойды.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -