Қазақстан ИКАО-да ресми тіркелді: Астана қаласы, 24 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстан ИКАО-да ресми тіркелді

Қазақстан ИКАО-да ресми тіркелді

Қазақстан ИКАО-да ресми тіркелді

Монреаль, 2024 жылғы 23 шілде – Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тілегенов Монреаль қаласындағы ИКАО штаб-пәтерінде осы халықаралық ұйымның Бас хатшысы Хуан Карлос Салазарға сенім грамоталарын табыстады.

Сұхбат барысында азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Бас хатшы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның ИКАО жанындағы Тұрақты өкілдігін ашу туралы шешім қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Тұрақты өкілді өз қызметіне кірісуімен құттықтады. Хуан Карлос Салазар Тұрақты өкілдіктің қызметі Қазақстан мен осы Ұйым арасындағы стратегиялық серіктестіктің әрі қарайғы дамуына өз септігін тигізетініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Бас хатшы Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктері мен рөліне жоғары баға бере отырып, әлемнің барлық мемлекеттері мен халықаралық ұйымдармен жақсы қарым-қатынастарды дамытып отырған еліміздің беделін атап өтті.

Хуан Карлос Салазар «ИКАО ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік деңгейін жоғарылату жөніндегі Қазақстан тарапы жүргізіп отырған реформаларды, сондай-ақ жалпы әуе көлігінің қол жетімділігін арттыруын жоғары бағалап, оларды мысал ретінде көрсетіп отырады», – деп атап өтті.

Тұрақты өкіл Қазақстан басшылығының сәлемін жеткізе отырып, елімізбен азаматтық авиация саласындағы көпжоспарлы ықпалдастықты дамыту жөніндегі ИКАО-ның қызметіне қатысты қолдауын білдірді.

«Қазақстан ИКАО-ның белсенді қатысушысы болып табылады және еліміздің тарихында тұңғыш рет Тұрақты өкілдіктің ашылуы Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын одан әрі дәйекті түрде енгізуіне ықпал ететініне кәміл сенімдімін», – деп атап өтті Т. Тілегенов. Сонымен қатар ол Қазақстанның азаматтық авиация саласының ағымдағы жағдайы, сондай-ақ еліміздің осы саладағы негізгі басымдықтары мен міндеттері туралы баяндап берді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен ИКАО арасындағы іс жүзіндегі диалогтың одан әрі кеңеюінің бейілділігі мен маңыздылығын растады.

Ақпарат көзі: Министерство иностранных дел Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар