ҚАЗАҚСТАН МЕН ГАРВАРД УНИВЕРСИТЕТІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ІЗДЕУДЕ: Астана қаласы, 10 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН МЕН ГАРВАРД УНИВЕРСИТЕТІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ІЗДЕУДЕ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Гарвард университетінің проректоры Марк Эллиотт пен университет өкілдерімен кездесті. Сапар Қазақстанның ғылыми әлеуетін зерделеуге бағытталған.

Кездесу барысында Марк Эллиотт араб және қытай жазулары сияқты шығыс тілдеріндегі сирек кітаптар мен қолжазбалар сақталған Қазақстан кітапханаларының қорларымен және қызметімен танысуға үлкен қызығушылық танытты. Делегация тарихи деректер мен құжаттарды қамтитын мұрағаттарға, сондай-ақ Орта Азия мен Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихымен айналысатын академик зерттеушілерге ерекше назар аударды.

Министр Саясат Нұрбек елімізде ғылым мен жоғары білім саласында жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды. Елімізде шетелдік университеттердің филиалдарын ашу үдерістері, сондай-ақ білім беру, ғылыми бастамаларды қолдауға бағытталған «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламалары талқыланды.

Марк Эллиот қазақстандық ғылыми мекемелердің жоғары әлеуетін атап өтіп, ғылыми зерттеулерді одан әрі бірлесіп зерттеу және дамыту үшін Қазақстанның ғылыми ұйымдарымен және мекемелерімен ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді.

Бұл кездесу Қазақстан мен Гарвард университеті арасындағы ғылыми байланысты нығайту және тәжірибе алмасу жолындағы маңызды қадам болды.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
ҚАЗАҚСТАН МЕН ГАРВАРД УНИВЕРСИТЕТІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ІЗДЕУДЕ
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Гарвард университетінің проректоры Марк Эллиотт пен университет өкілдерімен кездесті. Сапар Қазақстанның ғылыми әлеуетін зерделеуге бағытталған.

Кездесу барысында Марк Эллиотт араб және қытай жазулары сияқты шығыс тілдеріндегі сирек кітаптар мен қолжазбалар сақталған Қазақстан кітапханаларының қорларымен және қызметімен танысуға үлкен қызығушылық танытты. Делегация тарихи деректер мен құжаттарды қамтитын мұрағаттарға, сондай-ақ Орта Азия мен Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихымен айналысатын академик зерттеушілерге ерекше назар аударды.

Министр Саясат Нұрбек елімізде ғылым мен жоғары білім саласында жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды. Елімізде шетелдік университеттердің филиалдарын ашу үдерістері, сондай-ақ білім беру, ғылыми бастамаларды қолдауға бағытталған «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламалары талқыланды.

Марк Эллиот қазақстандық ғылыми мекемелердің жоғары әлеуетін атап өтіп, ғылыми зерттеулерді одан әрі бірлесіп зерттеу және дамыту үшін Қазақстанның ғылыми ұйымдарымен және мекемелерімен ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді.

Бұл кездесу Қазақстан мен Гарвард университеті арасындағы ғылыми байланысты нығайту және тәжірибе алмасу жолындағы маңызды қадам болды.

Аймақтағы жаңалықтар