ҚАЗАҚСТАНДА 5G ҮШІН ЖИЫНТЫҚТАУЫШТАР ӨНДІРІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
2024 жылғы 15-17 мамыр аралығында Astana IT University-де, академик Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі жалпы республикалық жоспарға сәйкес ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының «QAZSCIENCEFEST» халықаралық ғылыми фестивалі аясында, смарт ақпараттық жүйелер мен технологияларға арналған 2024 4th IEEE Smart Information Systems and Technologies (2024 IEEE SIST) халықаралық конференциясы өтуде.
Аталған конференция - ғалымдар мен IT мамандары арасында мәнді оқиға. Конференция жұмысына жақын және алыс шетелдерден IT индустриясының түрлі салаларының ғалымдары, зерттеушілері, мамандары мен білім алушылары қатысады. Конференцияның пленарлық сессиясында Ұлыбритания, Германия, Түркия, Украина, Ирландия, Қытай, АҚШ, Иран Ислам Республикасы, Вьетнам мемлекеттерінен келген 25 шетелдік және отандық ғалымдар сөз сөйледі. 2024 IEEE SIST конференциясының материалдары Scopus және IEEE Explore ғылыми дерекқорында индекстеледі.
4-ші 2024 IEEE SIST халықаралық конференциясының тақырыптары технологиялық және инженерлік менеджмент, ІТ білім беру мен зерттеулер, IТ-қосымшалар саласындағы жаңа үрдістер мен технологиялар, деректер туралы ғылым және кеңейтілген аналитика секілді зерттеу бағыттарын қамтиды.
Astana IT University 2024-2028 жылдары IEEE SIST конференциясын өткізу құқығына ие болды. Бұл - Қазақстан астанасының алдағы 5 жылда ғылыми қоғамдастық үшін тартымды орталыққа айналатынын білдіреді.
Төртінші халықаралық конференция аясында Astana IT University (AITU) University of Electronic Science and technology of China (UESTC) компаниясымен бірлесе ұшқышсыз ұшатын аппараттар (ҰҰА) мен 5G технологияларына арналған жиынтықтауыштарды өндіру бойынша бірлескен ғылыми-өндірістік инвестициялық жоба іске қосылды. Мұндай телекоммуникациялық жабдық үнемі жаңғыртуды және техникалық қызмет көрсетуді қажет етеді: үлкен деректерді өңдеу, жасанды интеллект көмегімен желінің жұмысын оңтайландыру, энергия тиімділігін арттыру. Аталған бірлескен міндеттерді іске асыру AITU және UESTC ғалымдарынан күтіледі. Сондай-ақ, Astana IT University рөлі O-RAN бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, дрондарды жобалау және оларды пилоттау мен навигациялауда жасанды интеллектті қолдану болып табылады.
Жыл сайын ғылыми ортада аталған конференцияға деген қызығушылық артып келеді. Биылғы жылы конференцияға 262 мақала жіберіліп, 500-ден астам қатысушының 116 баяндамасы іріктелді.
Конференция IEEE Kazakhstan Sub-Section және Украинаның IEEE Section бірлесе ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, іс-шараның ұйымдастырушылары қатарында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы, «NNEF» Қоғамдық қоры, Н.Назарбаев Қоры, Astana IT University және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті бар.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -