ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы
2024 жылдың 28 қарашасында сағат 10:00 бастап «КОREМ» АҚ сауда алаңында Маңғыстау энергия торабына қарай электр тарату желісінің өткізу қабілеті ескеріле отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу үшін Бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператор «КОREМ» АҚ-на мынадай бастапқы параметрлерді ұсынды:
ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша электр қуатына болжамды сұраныс – 358.8 МВт; ҚР БЭЖ Маңғыстау энергия торабына қарай электр тарату желілерінің өткізу қабілетінің көлемі – 200 МВт.Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметіне шекті тариф – айына 1 170 мың теңге/МВт (ҚҚС-сыз).
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына 6 энергия өндіруші ұйым қатысты.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша сатылған қуаттардың жалпы көлемі 358.8 МВт құрады, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша – 158.8 МВт және ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша – 200 МВт. Сауда жүйесінде 5 мәміле жасалды. Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша орташа алынған баға айына 1 169.66 мың теңге/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда жүйесіне энергия өндіруші ұйымдардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 651 МВт құрады.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің іске асырылмаған көлемі 292.2 МВт құрады.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электрэнергетика қауымдастығы» ЗТБ, «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-нің өкілдері қатысты.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерін мына сілтеме арқылы көре аласыз: https://www.korem.kz/rus/itogitorgov/rynok_moshnosti/
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -