Екінші сынып оқушылары құтқарушылар кәсібімен танысты
Өскемен қаласының № 17 мектеп оқушылары ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағында болды. Өрт сөндіруші-құтқарушылар оқушыларға неліктен өрт болатынын, оның ішінде балалардың отты абайсыз пайдалану салдарынан болатынын да атап айтты.
Балаларға қауіпсіздік шараларын және өрт туындаған кезде өздерін қалай ұстау керектігін түсіндірді, шұғыл қызмет телефон нөмірін естеріне салды. Өрт сөндіру депосы және өрт сөндіру-құтқару кәсібі туралы айтып, естен кетпес экскурсия өткізді. Балалар өрт сөндірушілердің киімдерін киіп көріп, өрт сөндіру автокөліктеріне де отырды.
Балалар мен тәрбиешілер құтқарушыларға алғыстарын білдіріп, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтайтындықтарына уәде берді.
«Оқушылармен өткізген осындай кездесулер – өрт профилактикасында нәтиже береді. Өскелең ұрпақ ережелерді тез есте сақтап, игереді, бұл олардың шұғыл жағдайда қобалжымауына мүмкіндік береді» - деп ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дәурен Ағажаев атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -