ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК АКАДЕМИЯСЫ РЕСЕЙ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
2024 жылдың 28 мамырында Мәскеу қаласында Ресей Ғылым академиясының 300 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жалпы жиналыс өтті.
Жиынға Қазақстаннан ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының президенті, Қазақстандық математика қоғамының президенті, академик Бақытжан Жұмағұлов қатысты.
Ресей Ғылым академиясы 1724 жылы Петр I-нің бұйрығымен құрылды, бұл ғылым, білім және мәдениеттің даму тарихындағы үлкен оқиға болды. Содан бері Ресей Ғылым академиясы әлемдік ғылымның дамуына айтарлықтай әсер етті және бүгінгі таңда РҒА – көрнекті ғалымдарды біріктірген ең ірі ғылыми әлемдік орталық.
Жиналыс Ресей Ғылым академиясының үлкен залында өтті. Онда көрнекті ғалымдар, өндіріс мамандары, мемлекеттік басқару органдарының, ірі ұлттық компаниялар мен ұйымдардың басшылары мен өкілдері болды. Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев құттықтау сөз сөйледі.
Ресей Ғылым академиясының президенті, академик Геннадий Красников негізгі баяндама жасады, жарыссөзде Ресей Ғылым академиясының бас ғалым хатшысы, академик Михаил Дубина және басқа да көптеген қатысушылар сөз сөйледі,
Сөз сөйлеулерде әлемдік ғылымды одан әрі дамыту бойынша құттықтаулар мен ұсыныстар айтылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -