БАҚ үшін ақпарат
Бас прокуратурамен 2022 жылдың қаңтарында Алматы облысы Қарасай ауданы Кошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау орнында азаматтарды азаптау бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқаны белгілі.
Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде, 2024 жылғы 28 мамырда ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Б. Абильбеков ұсталды.
ҚПК-нің 201-бабы негізінде іс бойынша өзге де толығырақ ақпарат жария етуге жатпайды.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -