ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ TOEFL ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Дулати университетінде «TOEFL Authorised Test Centre» жаңа тестілеу орталығының ашылуы өтті. Бұл орталықтың мақсаты – студенттердің, оқытушылар құрамының және докторантурада, халықаралық бағдарламалар мен академиялық ұтқырлық аясында одан әрі білім алғысы келетіндердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалау.
Дулати университетіндегі TOEFL авторизацияланған тестілеу орталығы 160 елде белгілі (АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Испания, Жапония Франция және т.б. елдердің) 12 500-ден астам білім орындарында оқуға мүмкіндік беретін ETS (Educational Testing Service) Global американдық ұйым жасаған халықаралық мойындалған TOEFL тестін әзірлеушілермен келісім бойынша құрылды.
Университет ректоры Мұхтар Байжұманов Дулати университеті ETS Global компаниясымен келісім негізінде халықаралық TOEFL ITP тестілеу өткізетін өңірдегі жалғыз университет екеніне тоқталды. Бұл ретте университет Тараз қаласы мен Жамбыл облысының, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік өңірінің басқа да аймақтарының қызығушылық танытқан оқушыларын, студенттерін, оқытушыларын және жалпы жұртшылығын жаңа тестілеу орталығына тест тапсыруға шақыратынын атап өтті.
TOEFL (Test of English as a Foreign Language) – ағылшын тілі ана тілі болып есептелмейтін адамдардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін өлшеуге арналған халықаралық стандартталған тест. Бұл тест ағылшын тілінде оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау дағдыларын бағалайды. Тест шетелдегі жоғары оқу орындарына түсу, виза алу, жұмысқа орналасу және басқа да мақсаттарда кеңінен қолданылады. TOEFL ұпайларын дүние жүзіндегі мыңдаған оқу орындары мен ұйымдар мойындайды. Бұл тестті тапсыру өз білімі мен мансабын ел ішінде де, халықаралық деңгейде де жоғарылатқысы келетін студенттер үшін маңызды қадам саналады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -