ЭЦҚ-ны заңды және жеке тұлғалар есептілікті тапсыру кезінде қалай пайдалана алады?
Заң талаптарын сақтау және есептілікті тапсыру мен ЭЦҚ-ға қатысты басқа да әрекеттерді кедергісіз орындау мақсатында заңды және жеке тұлғаларға келесі заңды механизмдерді қолдану ұсынылады:
– Ресми сенімхат рәсімдеу
Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға осы заңды тұлғаның қызметкеріне немесе оның тағайындаған тұлғасына (соның ішінде аутсорсингтік ұйымдарға) электрондық құжатқа қол қою құқығын бере алады.
Жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер қол қою құқығын есепшіге немесе басқа уәкілетті тұлғаға беру үшін нотариалды куәландырылған сенімхат рәсімдей алады. Бұл ретте әрбір тұлға өз атына алынған ЭЦҚ-ны пайдалануы тиіс.
Қажет болған жағдайда аталған сенімхаттар тиісті мемлекеттік органдарда тіркелуге жатады.
– Басшының жеке ЭЦҚ-ны пайдалануы
Басшыларға есептілікті өз бетінше қол қою ұсынылады, бұл ЭЦҚ-ны пайдалану кезінде жеке жауапкершілік қағидатын сақтауға кепілдік береді.
Одан бөлек, жеке және заңды тұлғалар өздеріне тиесілі ЭЦҚ-ның заңсыз қол жеткізілуі мен пайдаланылуына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
Тиісті шараларды қабылдамаған тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қол қоюшы тұлғаның өз қолымен қойған қолымен тең дәрежеде танылады және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және ЭЦҚ туралы заңнамасының талаптары сақталған жағдайда бірдей заңдық салдарға әкеледі.
Айта кету керек, электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін басқа тұлғаларға заңсыз беру үшін жауапкершілік 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына жақында енгізілген өзгерістерге сәйкес, басқа тұлғаның ЭЦҚ-ны пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Осыған байланысты жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер (ЖК) Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына қатаң сәйкестікте есептілікті, келісімшарттарды және басқа электрондық құжаттарды рәсімдеу мен қол қоюды, сондай-ақ ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, кез келген әрекеттерді (авторизация, жеке деректерге қол жеткізу және т.б.) орындауды қамтамасыз етуі қажет.
ҚР ЦДИАӨМ Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -