ЭЫДҰ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫС МИССИЯСЫН АЯҚТАП, БӘСЕКЕЛЕСТІК БОЙЫНША ЕКІНШІ САРАПТАМАЛЫҚ ШОЛУҒА КІРІСПЕК
Қазақстанда «Қазақстандағы бәсекелестік құқық және саясат» екінші сараптамалық шолуын дайындау шеңберінде экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) жұмысы аяқталды.
2025 жылдың қаңтарында бәсекелестік жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Антонио Капобьянко бастаған ЭЫДҰ сарапшылар тобы гибридті форматта бірқатар кездесулер өткізді. Талқылауға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин, мемлекеттік органдардың, жеке бизнестің, іскер топтардың және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері қатысты.
ЭЫДҰ миссиясына бәсекелестікті дамытудағы мемлекеттік органдардың рөліне және олардың Қазақстанның монополияға қарсы ведомствосымен өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды.
Кездесулер барысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы Марат Омаров 2016 жылы ЭЫДҰ-ның алғашқы сараптамалық шолуы өткізілген сәттен бастап болған монополияға қарсы органның қызметіндегі және бәсекелестікті қорғау жөніндегі заңнамадағы негізгі өзгерістерді ұсынды. Сондай-ақ, БҚДА басшысы миссияны Агенттіктің 2025 жылға арналған негізгі міндеттерімен таныстырды.
ЭЫДҰ миссиясының қорытындысы бойынша жаңартылған сараптамалық шолу дайындалады. Осы шолу шеңберінде Агенттікке Қазақстанның бәсекелестік заңнамасын одан әрі жетілдіру жөнінде ұсынымдар жіберілетін болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -