Елордалық спортшылар «Атқа міну дәстүрі» республикалық челленджін іске қосты
Елордада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған республикалық челлендж іске қосылды. Іс-шараны «Арғымақ» ат-спорт кешенінде дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Челленджге 150-ден астам адам қатысты, олардың қатарында Василий Левит, Ақмарал Науатбек, Едіге Емберді, Темірлан Мұқатаев, Нұрбек Талбудин және Эмма Тисина сияқты белгілі спортшылар бар.
Сондай-ақ, қатысушылар арқан тартыста өз күштерін сынап, нәтижесінде «Толқын» спорт кешенінің қызметкерлері жеңіске жетті.
Мұндай челлендж елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Оны елордалық спортшылар бастап, Қазақстанның басқа өңірлеріне тапсырды.
«Ат спорты ойындары – біздің ұлттық қазынамыз. Жылқы қазақ халқының символы болып саналады. Қазір біз ұлттық спорт түрлерінің жанданғанын көріп отырмыз. Оған ерекше назар аударылады. Сондықтан біз спорт түрлерін насихаттау үшін Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы керемет челлендж бастағанына қуаныштымыз. Біз – елордалық спортшылар еліміздің барлық облысына, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларына «Атқа міну дәстүрін» тапсырамыз. Спортшылар мен қызметкерлерді белсенді қатысуға шақырамыз», - деп атап өтті «№9 Балалар-жасөспірімдер мектебінің» басшысы Айдын Тоқбаев.
Ұйымдастырушылар ұлттық спорт түрлерін насихаттауға бағытталған мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өтетінін атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -