ҚР АШМ Римдегі фитосанитариялық шаралар жөніндегі комиссияның 19-шы отырысына қатысуда
17-21 наурыз аралығында Италияда фитосанитариялық шаралар жөніндегі комиссияның (ҚФМ-19) 19-шы отырысы өтуде, онда өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіз халықаралық саудасын ынталандыру жөніндегі негізгі мәселелер талқылануда.
Қазақстандық делегацияны ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Сәкен Қаныбеков басқарады.
Отырыс барысында әлемнің барлық өңірлерінде Халықаралық сауданы қозғайтын 30-дан астам өзекті мәселелерді қарау жоспарлануда. Олардың қатарында электрондық фитосанитариялық сертификаттау және E-phyto платформасын қолдануды кеңейту, фитосанитариялық шаралар бойынша халықаралық стандарттарды қайта қарау, ҚФМ 12 ұсынымдарын әзірлеу және бекіту бар. Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар ХҚҚДБ стратегиялық негіздемелік бағдарламасын іске асыруды талқылайды.
ҚФМ-19 саммиті аясында қазақстандық делегация Ресей Федерациясы, Түркия Республикасы, Қырғызстан, Өзбекстан, Латвия, Литва, Грузия және басқа да елдердің карантиндік фитосанитариялық қызметтерінің өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізеді. Сондай-ақ, карантин және өсімдіктерді қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдардың басшылығымен кездесулер жоспарланған, олардың барысында дамыған елдердің ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу кезінде кедергілерді азайту саласындағы тәжірибесі зерделенетін болады.
Бұл отырыс қауіпсіз халықаралық сауданы дамытуға және жаһандық деңгейде фитосанитариялық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететін тәжірибе алмасу және бірлескен шешімдер әзірлеу үшін маңызды платформа болмақ.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -