Конституциялық Сот: азамат сот арқылы қорғалу құқығын дұрыс пайдаланбаған: Астана қаласы, 18 Наурыз 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Конституциялық Сот: азамат сот арқылы қорғалу құқығын дұрыс пайдаланбаған

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

Конституциялық Сотқа Азаматтық процестік кодекстің 52-бабы бірінші бөлігінің, 279-бабы 13) тармақшасының және 366-бабы екінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін қарау туралы азамат өтінішпен жүгінді.

Өтініш берушінің мұраға құқық беру туралы куәлік беруден бас тартқан нотариусқа қойылған талабын қараусыз қалдырған соттардың шешімі жүгінуге себеп болды.

Конституциялық Сот өтінішті алдын ала қарау қорытындысы бойынша АПК-нің 52-бабы бірінші бөлігін сот шешімінде қолданылмауына байланысты тексеру үшін негіздің жоқтығын көрсетті.

Өтініш беруші тексеруді талап еткен АПК-нің басқа нормаларына қатысты Конституциялық Сот оның сот арқылы қорғалу құқығын шектемейтін қабылданған сот шешімдерінің құқықтық айқындығына назар аударды. Атап айтқанда, соттар азаматқа нотариустың бас тартуына емес, талап қою ісін жүргізу тәртібімен тікелей өтініш беруші мен өтініш беруші бұрын пайдасына мұрадағы үлестен бас тартқан үшінші тұлға арасындағы даудың өзін даулау керек екенін көрсетті.

Осылайша, Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша АПК-нің мәлімделген нормаларының конституциялылығын тексеру үшін жол берілу шарттарын анықтаған жоқ.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

Конституциялық Сотқа Азаматтық процестік кодекстің 52-бабы бірінші бөлігінің, 279-бабы 13) тармақшасының және 366-бабы екінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін қарау туралы азамат өтінішпен жүгінді.

Өтініш берушінің мұраға құқық беру туралы куәлік беруден бас тартқан нотариусқа қойылған талабын қараусыз қалдырған соттардың шешімі жүгінуге себеп болды.

Конституциялық Сот өтінішті алдын ала қарау қорытындысы бойынша АПК-нің 52-бабы бірінші бөлігін сот шешімінде қолданылмауына байланысты тексеру үшін негіздің жоқтығын көрсетті.

Өтініш беруші тексеруді талап еткен АПК-нің басқа нормаларына қатысты Конституциялық Сот оның сот арқылы қорғалу құқығын шектемейтін қабылданған сот шешімдерінің құқықтық айқындығына назар аударды. Атап айтқанда, соттар азаматқа нотариустың бас тартуына емес, талап қою ісін жүргізу тәртібімен тікелей өтініш беруші мен өтініш беруші бұрын пайдасына мұрадағы үлестен бас тартқан үшінші тұлға арасындағы даудың өзін даулау керек екенін көрсетті.

Осылайша, Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша АПК-нің мәлімделген нормаларының конституциялылығын тексеру үшін жол берілу шарттарын анықтаған жоқ.

Аймақтағы жаңалықтар