ЕСЕНОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ МҰНАЙ БЕРУДІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ЖОБА БАСТАЛДЫ
Есенов университетінің Инжиниринг факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен докторанттары зерттеу тобын құрып, 2023-2025 жылдарға жоспарланған «Маңғыстау өңірі жағдайында қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін ағынды ауытқыту технологияларын қолдану» тақырыбындағы ғылыми жобаны іске асырып келеді.
Зерттеу жұмысын Есенов университетінің ғалымдары ҚР ҒЖБМ қаржыландыруымен жүргізуде. Бұл ғылыми жоба Есенов университетінің Стратегиялық міндеттеріне сәйкес Маңғыстау өңірлік проблемаларын, атап айтқанда игерудің соңғы сатыларына енген мұнай кен орындары қабаттарының мұнай бергіштігін арттыруға бағытталған және «Қазмұнайгаз ғылыми-зерттеу және жобалау институты» ЖШС арасындағы меморандум негізінде бірлесіп орындалуда.
Жоба жетекшісі т.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. Ақшырын Жолбасарованың айтуынша, қазіргі уақытта Маңғыстау кен орындары жоғары сулану және игерудің кеш сатысында тұр. Төмен өндіру процесінде қабаттардың мұнай бергіштігін арттыру үшін әртүрлі әдістерін енгізу қажет.
«Жобаның осы кезеңінде учаскелердің шекарасын нақтылау принциптерін анықтау жұмыстары жүргізілді. Полимерлі суландыруды пайдалану үшін аумақтарды алдын ала іріктеу жүргізілді, айдау ұңғымаларының сыйымдылық қабілеті анықталды, сонымен қатар өндіруші ұңғымалардың көпшілігінің өнімдерінің сулануы анықталды. Горизонттың геологиялық моделі мен учаскенің гидродинамикалық моделі бойынша мәліметтер базасы құрылды. Жобаның жоспарына сәйкес сұраныммен алынған 7 түрлі полимер бойынша мұнайды ығыстыру тиімділігі анықталатын болады», - деді Ақшырын Жолбасарова.
Ғылыми жобаны жүзеге асыруға «Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасының докторанттар, магистранттар, жас ғалымдары тартылған. Жоба қорытындысын жас ғалымдар ғылыми жарияланымдарға жариялайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -